Микроскопия

Бұл әдіс тін үлгілерін микроскоп арқылы зерттеуге негізделген.

Цитология кезінде ағзалар шырышты қабатынан алынған жағындылар мен без үлгілері қолданылады. Скрининг ақаулы жасушаларды анықтауға мүмкіндік береді және тез жүргізіледі.

Гистологиялық зерттеу көп уақытты алады, бірақ нәтижесі диагнозды үлкен дәлдікпен қоюға мүмкіндік береді. Дегенмен, бұл қымбат зерттеу және барлық клиникаларда жүргізіле бермейді.

Одан да тиімді, бірақ қымбат әдіс — иммуногистохимия. Бұл әдіс антиденелер мен антигендердің байланысына негізделген. Жоғары нәтиже береді, тіпті өте кішкентай немесе енді ғана қалыптаса бастаған ісіктерді анықтауға, онкологияның даму мүмкіндігін болжауға мүмкіндік береді.

Әртүрлі ағзалардағы онкологияны анықтау

 Онкологияда ортақ және нақты белгілер болады. Қатерлі ісіктің нақты симптомдары аурудың орналасуын дәлірек анықтауға көмектеседі.