Нұр-Сұлтан қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй

ҰҒОО ұжымы аурухана аумағын темекі шегуден бос ету бастамасын қолдады.

 

ДДСҰ мәліметтері бойынша темекіні тұтыну денсаулыққа айтарлықтай қауіптердің бірі болып табылады. Темекі оны тұтынатын адамдардың жартысына жуығын өлтіреді.

Жыл сайын темекіні пайдалану сегіз миллионнан астам адамның, оның ішінде темекі тұтынушылар немесе бұрынғы тұтынушылар болған жеті миллионнан астам адамның және қайталама темекі түтінінің әсеріне ұшыраған 1,2 миллионнан астам темекі шекпейтін адамдардың өліміне әкеледі.

Статистикалық деректер бойынша, Қазақстанда 2019 жылы темекіні тұтыну өлім мен мүгедектіктің ең көп санына себеп болған 10 жетекші фактордың ішінде үшінші орынды иеленді. Темекі өнімдерінің барлық түрлерінің ішінде өнеркәсіптік өндірісте темекі шегу Қазақстанда ең кең таралған. 15 жастан асқан екі миллион алты жүз жиырма сегіз мың ересек адам (19,9%) 2019 жылғы темекі тұтыну туралы ересектердің Ғаламдық сауалнамасына сәйкес (GATS) темекі шегушілер болды. Олардың ішінде ерлер - 35,7% әйелдерге қарағанда -5,7% едәуір көп.

Темекіні пайдалану сонымен қатар инфекциялық емес аурулардың, атап айтқанда жүрек-қан тамырлары, онкологиялық және респираторлық аурулардың, сондай-ақ қант диабетінің және т.б. қауіпті факторы болып табылады. Сонымен қатар, осы аурулармен ауыратын адамдар COVID-19 асқынуларына көбірек бейім.

ҰҒОО қызметкерлерінде жауапты денсаулық сақтау мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және темекі түтінінен бос ортаны қамтамасыз ету мақсатында онкологиялық және басқа да инфекциялық емес аурулардың қауіп факторларының алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

2021 жылғы 1 қарашадан бастап ҰҒОО-да темекі шегумен күрес бойынша қарқынды науқан басталды және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру бойынша іс-шаралар енгізілді. Мысалы, Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні аясында (19 қараша) 15 қарашадан бастап ҰҒОО темекі түтінінен бос аурухана болып жарияланды.
Осы жобаға сәйкес ҰҒОО ғимаратында және аумағында құрамында никотин бар өнімдерді (электрондық темекі) тұтынуға арналған құрылғыларды пайдаланып, темекі өнімдерін пайдалануға тыйым салынады.

Темекі өнімдерін пайдалануға арнайы бөлінген орындарда ғана рұқсат етіледі.

Денсаулық үшін таңдау жасаңыз!