Нұр-Сұлтан қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй

Бүгін бүкіл әлемде ұйқы безі обырына қарсы дүниежүзілік күрес күні қоғамның назарын проблемаға аудару, қоғамды ауру туралы және ерте диагноздың маңыздылығы туралы ақпараттандыру мақсатында атап өтіледі.

 

GLOBOCAN 2018 бағалауы бойынша ұйқы безі обыры таралуы бойынша 11-ші орында және бүкіл әлемде обыр ауруынан өлім-жітім бойынша 7-ші орынды алады.    

Жыл сайын Қазақстан бойынша ұйқы безі обырымен сырқаттанудың 1100-ден астам жаңа жағдайы анықталады, өлім-жітім жылына 800-ге жуық жағдайды құрайды.   

Ұйқы безі обыры тез дамып, жоғары метастатикалық потенциалмен сипатталады, сондықтан көп жағдайда ауру кейінгі сатыларда анықталады. Қатерлі ісік бездің кез-келген бөлігінде – басында, денесінде немесе соңында дамуы мүмкін, әрі қатерлі ісік «туған» бөлікте оқшауланады немесе біртіндеп ұйқы безінің бүкіл аймағын алады. Без басының ісігі ең жиі кездеседі.

Ұйқы безі обырының белгілері салмақ жоғалту, терінің сарғаюы, қант диабетіне тән көріністер болуы мүмкін. Науқастар іштің ауыруы, ентігу, асқазан, диарея, жүрек айну және құсу туралы шағымданады.    

Ұйқы безі обырының алдын-алу тамақтану мен өмір салтына қатысты қарапайым ережелерді сақтаудан бастау ұсынылады: рационнан майлы және қуырылған тағамдарды алып тастау, жаңа піскен көкөністер мен жемістерді мүмкіндігінше жиі жеу; қыздырғыш ішімдіктер мен темекі шегуден бас тарту; белсенді өмір салтын ұстану, мүмкіндігінше таза ауада болу; асқазан-ішек жолдарының, ұйқы безінің, қант диабетінің, бауыр циррозының және т. б. денсаулығын бақылау.

Біздің Орталық ұйқы безі ауруларымен пациенттер жүгінетін жетекші клиникалардың бірі. 

ҰҒОО-да Гепатопанкреатобилиарлық хирургия және бауыр транплантациясы орталығының (ГБХБТО) меңгерушісі, транплантолог, гепатопанкреатобилиарлық хирург, онколог Жанат Сейтбатталович Спатаевтың басшылығымен жыл сайын ұйқы безіне 40-тан астам операция жасалады, бұл жоғары көрсеткіш болып саналады, өйткені ҰБО бар пациенттердің тек 20%-на ғана операция жасауға болады. Тек химиотерапиямен дұрыс таңдалған және орындалған хирургиялық резекция 5 жылдық өмір сүруге мүмкіндік береді.

Қабылдауға Call-орталықтың 8(7172)702-911 телефоны бойынша жазылуға және ГБХБТО-ның жетекші мамандарынан кеңес алуға болады.