Нұр-Сұлтан қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй

Жатыр мойны обыры - жатыр мойны аймағында пайда болатын қатерлі ісік. ДДСҰ мәліметтері бойынша жыл сайын әлемде жатыр мойны обырымен ауыратын 500 000-ға жуық адам анықталады. Қазақстан Республикасы бойынша жыл сайын жатыр мойны обыры алғаш рет 1800-ге жуық әйелде анықталады. Әлемде де, ҚР-да да әйелдер арасында онкологиялық сырқаттанушылық құрылымында жатыр мойны обыры 2-орын алады.

Аурудың себептері және қауіп факторлары:

Қазіргі уақытта аурудың адам папилломасы вирусымен (АПВ) және жатыр мойны қатерлі ісігінің даму қаупімен байланысы дәлелденген болып саналады.

Дисплазия мен жатыр мойны обырының пайда болу қаупі бар әйелдерге жатады: 

  • Жыныстық өмірдің ерте басталуы;
  • Ерте алғашқы жүктілік;
  • Жыныстық серіктестердің жиі өзгеруі;
  • Әйелдерде немесе оның жыныстық серіктесінде папилломовирустық немесе герпетикалық инфекцияның болуы;
  • Анамнезінде жиі түсік жасату;
  • Темекі шегу;
  • Жатыр мойны патологиясын уақтылы емдемеу (эрозия, дисплазия, лейкоплакия, полиптер);
  • Ауыр тұқым қуалаушылық;
  • Иммундық тапшылық жағдайы.

Аурудың белгілері:

Жатыр мойны обыры ұзақ уақыт бойы симптомсыз болатын ісіктерге жатады. Клиникалық белгілердің пайда болуы ісіктердің дамуын көрсетеді, бұндайда әйелдер мыналарға жиі шағымданады:   

  1. Еттекірге байланысты емес, жыныс жолдарынан қанды бөліністері шамалы жағылмалы немесе көп болуы мүмкін, сирек жағдайларда қан кету байқалады. Көбінесе жыныстық қатынастан кейін қан пайда болады – «байланыс секрециясы».
  2. Іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну: қанды болуы мүмкін немесе қатерлі ісіктің дамыған түрлерінде инфекцияның қосылуы немесе басқа жамбас ісіктерінің өнуі нәтижесінде пайда болады (жүйкенің бірігуі, жамбас қабырғалары).
  3. Аяқ-қолдардың, сыртқы жыныс мүшелерінің ісінуі дамыған және асқынған жағдайларда аурудың дамуымен жүреді.
  4. Ішек және қуық функциясының бұзылуы. Кейіннен бүйректің жұмысын тоқтатумен несепағардың метастатикалық лимфатикалық түйіндерін механистік бастырумен байланысты зәрдің кідірісі.

Жатыр мойны обырын диагностикалау әдістері:

Жатыр мойны обырын диагностикалау тән белгілерді анықтауға, жалпы және гинекологиялық тексерулердің нәтижелеріне негізделген. Жатыр мойны обырын диагностикалауда негізгі рөл арнайы зерттеу әдістеріне беріледі: 

  • Скрининг жүргізу - цитологиялық зерттеуге жағынды алу.
  • Гистологиялық зерттеуге тіндерді алу (биопсия).
  • Кольпоскопия – жатыр мойнын оптикалық аспаптың көмегімен зерттеу (7-28 және одан да көп есе ұлғайған кезде).

Жатыр мойны обырының алдын алу бойынша дәрігердің ұсыныстары:

Жалпы онкологиялық аурулардың және жатыр мойны обырының қаупін азайту бойынша ұсыныстар алдын алу болып табылады. Жатыр мойны обырының алдын алу бастапқы және қайталама болып бөлінеді. 

Бастапқы алдын алу қауіп факторларын жоюдан тұрады: 

  • Ерте жыныстық өмірдің, ерте некенің алдын-алу;
  • Жыныстық серіктестердің жиі өзгеруін болдырмау;
  • Жыныстық жолмен берілетін инфекцияның алдын алу үшін жыныстық қатынас кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (презерватив);
  • АПВ-ге қарсы вакцинация. Вакцинациядан кейін әр түрлі жастағы топтардағы әйелдерде тұрақты иммунитет пайда болады және бүкіл бақылау кезеңі сақталады.

 

Қайталама алдын алу: 

  • Жылына бір рет МСАК мекемесінің қарау кабинеттерінде 20 жастан асқан әйелдерде жағындыны цитологиялық зерттеумен профилактикалық медициналық тексеру (онкоцитологияға жағындылар) жүргізіледі.
  • Жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін әрбір әйел тіркелген жері бойынша емханада скринингтен өтуі тиіс (30-дан 70 жасқа дейінгі әйелдер, әрбір 4 жыл сайын).

Егер бұрын аталған симптомдар сізді мазалай бастаса, онда колоректальды қатерлі ісік скринингінен өту үшін тіркелген жеріңіз бойынша дереу дәрігерге қаралыңыз.

ҰҒОО-да сіз онкогинекологтан білікті кеңес ала аласыз, әйелдердің ұрпақты болу жүйесі ауруларын диагностикалау мен емдеудің барлық спектрінен өте аласыз. Дәрігердің қабылдауына және консультациясына жазылу үшін әйелдер денсаулығы орталығына немесе Call-орталықтың 8 (7172)702-911 нөміріне қоңырау шалуға болады.