Нұр-Сұлтан қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй

Асқазан обырын ерте диагностикалау

 

Асқазан қатерлі ісігінің жасырын және ерте түрлерін анықтау үшін асқазанды мерзімді тексеру ұсынылады.

Асқазан қатерлі ісігінің қауіп факторлары:

  • Helicobacter pylori инфекциясы;
  • тұқым қуалайтын бейімділік;
  • асқазан полиптері;
  • ойық жара ауруы, созылмалы гастрит, асқазан шырышты дисплазиясы;
  • дуоденогастральды рефлюкс;
  • жаман әдеттер: темекі шегу және алкогольді теріс пайдалану;
  • гипо-және гипер-витаминоз;
  • дұрыс тамақтанбау;
  • тамақтанудың бұзылуы;
  • асқазан-ішек жолдарының басқа аурулары.

Егер кем дегенде бір қауіп факторы болса, зерттеуге арналған ұсыныстар анағұрлым өзекті болады. Алайда, бұл ісік ауруының дамуының міндетті теріс перспективасын білдірмейді.

Асқазанның ісікалды және ісік жағдайларын диагностикалауға мыналар кіреді:

  • терапевт, гастроэнтеролог, онкологтың тексеруі;
  • Эндоскопиялық диагностика (гастроскопия, гастродуоденоскопия, фиброгастродуоденоскопия, ВЭГДС);
  • асқазан рентгені;
  • Іш сигментінің УДЗ. ҰҒОО-да қосымша тексеру қажет болған жағдайда барлық нақтылайтын диагностикалық жоғары технологиялық әдістер бар.

Қазіргі заманғы медицина асқазанның қатерлі патологиясын емдеуге жеткілікті мүмкіндіктерге ие.

Тексеру қажеттілігі туралы күдіктенетін мазасыздану белгілері:

  • шаршау, әлсіздік;
  • жүрек айнуы және кекіру;
  • тәбеттің төмендеуі;
  • іш аймағындағы ыңғайсыздық сезімі.

Ұлттық ғылыми онкология орталығында «гастроэнтерологиялық» Check-up пакеті шеңберінде асқазан-ішек жолын тексеруге болады.