Нұр-Сұлтан қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй

«ҰҒОО» ЖШС этика мәселелері жөніндегі жергілікті комиссиясы (бұдан әрі-Коммиссия) тәуелсіз сараптамалық орган болып табылады, оның құрамына жетекші ғылым мамандары, сыналушылар мен зерттеушілердің құқықтарын, қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қорғауды, клиникалық зерттеудің/сынаудың барлық кезеңдерінде, сондай-ақ олар аяқталғаннан кейін даулы мәселелер туындаған жағдайларда клиникалық зерттеу/сынау материалдарын этикалық және адамгершілік-құқықтық бағалауды жүзеге асыратын қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.

Комиссияның негізгі мақсаты клиникалық зерттеулерге, медициналық-биологиялық эксперименттерге қатысатын зерттелетін (пациенттер мен еріктілердің) және зерттеушілердің құқықтарын, қадір-қасиетін, қауіпсіздігі мен саламаттылығын қорғау, сондай-ақ клиникалық зерттеу материалдарын адамгершілік-этикалық және құқықтық бағалау болып табылады.

Комиссияның негізгі міндеттері:

  1. Зерттеуді жоспарлау және жүргізу кезеңдерінде адам қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету;
  2. Ғылыми-техникалық бағдарламалар, бастамашылық (диссертациялық) жұмыстар, ғылыми жобалар (оның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысуымен), ғылыми жарияланымдар шеңберінде орындалатын клиникалық зерттеулер материалдарына этикалық және құқықтық сараптама;
  3. Биологиялық және медициналық этика мәселелері бойынша құжаттар әзірлеу.
  • Жергілікті этикалық комиссия туралы ереже
  • Жергілікті этикалық комиссияның құрамы
  • Жергілікті этикалық комиссия отырыстарының кестесі
  • Бекітілген стандартты операциялық рәсімдердің тізбесі
  • Клиникалық зерттеу сараптамасына құжаттар тізбесі
  • Клиникалық ҒЗЖ сараптамасына құжаттар тізбесі
  • Жаңа технологиялар сараптамасына құжаттар тізімі
  • Эксперименттік ҒЗЖ сараптамасына құжаттар тізбесі

Этикалық сараптамадан өту үшін қажетті құжаттардың нысандары 

  • Зерттеу хаттамасының сызбасы
  • Өтініш нысаны
  • Эксперименттік ҒЗЖ сараптамасына құжаттар нысандары

Биоэтика бойынша Комиссия отырысының кестесі

Отырыстар тоқсан сайын өткізіледі:

  1. қаңтар
  2. сәуір
  3. шілде
  4. қазан

Қажет болғанда кестеден тыс қосымша отырыстар өткізілуі мүмкін

«Ұлттық ғылыми онкология орталығы» АҚ биоэтика бойынша комиссия хатшылығының байланыс нөмірлері 

Мекенжайы: Телефон: 8 (7172) 70-29-59

Комиссия төрағасы: Шакирова Аида Фазыловна, м.ғ.к.

Комиссия төрағасының орынбасары: Сагандыков Ирлан Нигметжанович, м.ғ.к.

Комиссия хатшысы: Жарлыганова Динара Саркыбековна

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.