Нұр-Сұлтан қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй

Тегін медицианылық көмектің кепілді мөлшері аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша Ұлттық ғылыми онкология орталығына жатқызу үшін  азаматтарға жергілікті тұруы бойынша емделетін дәрігерге емханаға бару қажет. 

Госпитализация үшін емдейтін дәрігер ҰҒОО маманына пациенттің амбулаторлық картасынан көшірмесін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштаға келісу және медициналық көмектің деңгейін анықтау үшін жолдайды.

Медициналық көмектің екі деңгейі бар:

  1. Мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі - ММК)
  2. Жоғары технологиялық медициналық қызмет (бұдан әрі - ЖТМК)

Госпитализация туралы мәселені шешу біршама уақытты алуы мүмкін және
науқастың жағдайының ауырлығына, хирургиялық араласудың күрделілігіне және амбулаториялық бақылаудың толықтығына байланысты болады. Күрделі жағдайларда науқасқа ҰҒОО-да көзбе-көз кеңес беру қажет болады.   

ММК алу үшін жолдағанда, дәрігер азаматтарды «Госпитализация бюросы» порталы арқылы тіркейді және күнін белгілеп ауруханаға жатқызуға жолдама мен талон береді.

ЖТМК бойынша емделуге жолдағанда, тіркелу «Госпитализация бюросы» порталы пайдаланып, азаматтарға госпитализацияға жолдама беретін Өңірлік комиссиямен іске асырылады.  

"Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық" ЖШС-да пациенттерді стационарлық емдеуге жатқызу үшін қажетті құжаттар тізімі мен толық ақпаратты осы жерден жүктеп алуға болады.

Қосымша сұрақтар болған жағдайда Сіз барлық қажет ақпаратты мына телефондар арқылы аласыз: 8(7172) 70-29-46 (вн.1262).