Нұр-Сұлтан қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

b588c535 1361 4f5b b96b 3eba5c994cdc«Oncology.kz» - халықаралық ғылыми-тәжірибелік рецензияланатын мерзімді басылым (еISSN 2957-6377). Веб-сайт – www.oncologykz.org. «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Журналдың құрылтайшысы әрі меншік иесі болып табылады. Журнал 2022 жылдың наурыз айынан бастап жарияланып келеді.

Журналдың мақсаты: қатерлі ісіктер туралы клиникалық маңызы жоғары ілім көздерін кеңейту және аурудың диагностикасы, емі мен алдын алудың нәтижелерін тарату; онкология саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытуға үлес қосу, олардың нәтижелерін ұлттық және халықаралық ғылыми кеңістікте қолжетімді ету.

Журнал жылына 4 рет жарық көреді. Сондай-ақ, Журналдың меншік иесі ұйымдастырған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың материалдарына арналған бір қосымша шығарылым жариялайды.
Мақалаларды Журнал сайты арқылы онлайн режимде жолдау керек. Журналда мақала жариялау тегін.