Анестезиология, реанимация және интенсивті терапия орталығы

Ұлттық ғылыми онкология орталығының анестезиология, реанимация және интенсивті терапия орталығы – ауыр жағдайдағы  науқастарға жоғары сапалы анестезиологиялық көмек және интенсивті терапия көрсететін заманауи бөлімше.

Біздің міндетіміз
  • Хирургиялық араласулар кезінде, соның ішінде күрделі онкологиялық операциялар барысында сенімді анестезиологиялық қорғауды қамтамасыз ету. 
  • Көп ағзалық жеткіліксіздігі, сепсисі, ауыр жарақаттары және басқа да өмірге қауіп төндіретін жағдайлары бар науқастарға қарқынды терапия көрсету.
  • Анестезия мен реанимацияның заманауи әдістерін, соның ішінде тотальды көктамырішілік анестезияны, мультимодальды анальгезияны және өкпені жасанды желдетудің инновациялық тәсілдерін енгізу.
  • Алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалана отырып, өмірлік маңызды функцияларды мониторингілеу.
  • Медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын дамыту.
Біз қандай көмек көрсетеміз
  • Анестезиологиялық қолдау көрсету – науқастың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық түрдегі анестезияны қолдану.
  • Интенсивті терапия және реанимация – ауыр жағдайда болған науқастарды тәулік бойы бақылау және емдеу.
  • Заманауи тыныс алу қолдауы – ем алушыларға инвазивті және жасанды тыныс алу аппараттарын қолдану  (ИВЛ).
  • Қауіпті жағдайларды мониторингтеу және түзету – гемодинамиканы, қанның газдық құрамын және электролиттік балансын бақылау.
  • Операциядан кейінгі ауырсынуды басу – эпидуральды, өткізгіштік және жүйелі анальгезия.

Жедел реанимациялық көмек – жүректің тоқтауы, анафилактикалық шок, көп қан жоғалту жағдайында көмек көрсету.

Неге бізді таңдайды?
  • Заманауи технологиялар – біз анестезия және интенсивті терапияның халықаралық стандарттарын қолданамыз.
  • Жеке көзқарас – әр науқастың ерекшеліктерін ескереміз.
  • Тәжірибе мен кәсібилік – көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар команда.
  • Қауіпсіздік – науқастардың жағдайын тұрақты бақылау және емдеудің барлық кезеңдерінің сапасын бақылау.

Орталық мамандары анестезиологиялық қамтамасыз ету және интенсивті терапия саласындағы инновациялық тәсілдерге арналған бірқатар мақалаларды халықаралық медициналық журналдарда жариялады. 2024 жылы қазіргі заманғы мониторинг әдістеріне негізделген жекелендірілген седация және ауырсынуды басу жөніндегі жаңа протоколдар енгізілді. Бұл жетістіктер Ұлттық ғылыми онкология орталығының анестезиология, реанимация және интенсивті терапия орталығының ғылыми және практикалық әлеуетінің жоғары деңгейде екендігін дәлелдейді.

Умбетжанов Ерлан Урумбаевич

Анестезиология, реаниматология және интенсивті терапия орталығының меңгерушісі. Жоғары біліктілік санатындағы реаниматолог дәрігер.

Реанимация және интенсивті терапия саласында 22 жылдық мол тәжірибеге ие маман. АҚШ, Израиль, Түркия, Чехия және Ресейде біліктілігін арттырып, әлемнің озық тәжірибелерімен танысқан.

Қазақстан анестезиологтары мен реаниматологтар қоғамының мүшесі ретінде ғылыми зерттеулер мен халықаралық конференцияларға белсенді қатысып, өз саласында жаңа әдістерді енгізуге атсалысады. Қазіргі таңда онкологиялық науқастарға арналған жекелендірілген седация, ауырсынуды басу және интенсивті терапия әдістерін жетілдірумен айналысады.

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталған.