Циклотрон-өндірістік кешен
Циклотрон-өндірістік кешен радионуклидтік диагностика секторын позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ) арқылы онкологиялық ауруларды ерте диагностикалауға арналған радиофармацевтикалық дәрілік препараттармен қамтамасыз етеді.
Кешен құрамында ¹⁸F, ¹³N, ⁶⁸Ga және ¹¹C сияқты қысқа өмір сүретін изотоптар негізінде радиофармацевтикалық дәрілік препараттар өндіріледі. Заманауи жабдықтар мен ЕАЭО GMP стандартының қатаң талаптарын сақтау Ұлттық ғылыми онкология орталығында өндірілетін өнімнің жоғары сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді.
Заманауи технологиялар
- IBA компаниясының KIUBE 180 циклотроны;
- IBA компаниясының Synthera және Synthra компаниясының Meplus автоматтандырылған синтез модульдері;
- Comecer компаниясының қорғасынмен қорғалған шкафтары;
- Elysia-Raytest компаниясының бірыңғай ақпарат жинау жүйесімен жабдықталған жоғары дәлдіктегі заманауи аналитикалық жабдықтары.
Біздің артықшылықтарымыз
- ЕАЭО GMP стандартының талаптарына толық сәйкестік;
- IBA, Comecer, Synthra және Elysia-Raytest компанияларының жоғары технологиялық жабдықтары;
- Медициналық физиктерден, радиохимиктерден, химик-аналитиктерден, фармацевтерден және GMP саласының мамандарынан құралған тәжірибелі кәсіби команда.