Онкологиялық ауруларды емдеудегі инновациялық тәсіл

Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының Протондық терапия бөлімшесі – пациенттерге протондық терапияны қолдана отырып тиімді, қауіпсіз және жоғары дәлдіктегі ем көрсететін заманауи жоғары технологиялық медициналық орталық.

Бөлімше Varian ProBeam 360 протондық терапия жүйесімен жабдықталған. Бұл жүйе ісікке сәулені жоғары дәлдікпен бағыттап, сау тіндерге түсетін сәулелік жүктемені барынша азайтуға мүмкіндік береді. Протондық шоқтың озық технологияларын қолданатын ProBeam жүйесі, әсіресе күрделі және сәулеленуге сезімтал анатомиялық аймақтардағы ісіктерді емдеудің нәтижелілігін арттыруға бағытталған. Инновациялық құрылымы, заманауи емдеуді жоспарлау жүйесі, дәл бейнелеу және сәулені жеткізу технологияларының арқасында ProBeam әлемнің жетекші онкологиялық орталықтарының таңдауы болып табылады.

Протондық терапия дегеніміз не?

Протондық терапия – ісікке дәл бағытталған әсер ету үшін протондарды пайдалануға негізделген сәулелік терапияның ең озық әдістерінің бірі. Бұл әдіс сау тіндерге түсетін әсерді барынша азайтып, олардың қызметін сақтауға мүмкіндік береді.

Неліктен протондық терапия таңдалады?

Протондық терапия – онкологиялық ауруларды емдеудің инновациялық әрі жоғары тиімді әдісі. Дәстүрлі сәулелік терапиядан айырмашылығы, протондық шоқ тек зақымданған аймаққа бағытталып, сау тіндерге әсерін барынша азайтады. Бұл әсіресе бас миы, омыртқа немесе көру ағзалары сияқты өмірлік маңызды мүшелерге жақын орналасқан ісіктерді емдеуде ерекше маңызды.

Протондық терапияның артықшылықтары
  • Жоғары дәлдік – ісік айналасындағы сау тіндерге әсерді барынша азайтады.
  • Жанама әсерлері аз – пациенттер емді жеңіл көтеріп, тезірек қалпына келеді.
  • Жоғары тиімділік – күрделі клиникалық жағдайлар мен ісіктің қайталануын емдеуде тиімді.
  • Балаларға қолайлы – таңдамалы әсер етуінің арқасында балалардағы онкологиялық ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады.
Алдын ала консультацияға жазылу үшін
Байланыс:
Бөлімше дәрігерлері
Фатима Хамзатқызы Налгиева
Протондық терапия бөлімшесінің меңгерушісі. Еңбек өтілі – 24 жыл.
Лидия Георгийқызы Әбілова
Радиациялық онколог дәрігер. Онкология мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты. «Радиациялық онкология» мамандығы бойынша екінші біліктілік санаты. Еңбек өтілі – 14 жыл.
Айжан Нұржанқызы Бимағанова
Радиациялық онколог дәрігер. Еңбек өтілі – 7 жыл.
Ксения Тахирқызы Ермағамбетова
Радиациялық онколог дәрігер. Еңбек өтілі – 2 жыл.