Лауазымы: радиоизотоптық диагностика дәрігері
Біліктілік санаты: бірінші
Еңбек өтілі: 9 жыл
Бөлімше / Орталық: Радиациялық технологиялар орталығы
Кәсіби жетістіктері мен марапаттары
- «Денсаулық сақтау саласының үздік жас маманы» (2023 жыл)
- Еуропалық радиологтар қоғамының мүшесі
- «Қалқанша бездің сцинтиграфиясы» клиникалық хаттамасының әзірлеушісі
Білімі
Негізгі білім
2009–2014 жж. – Семей мемлекеттік медицина университеті, «Жалпы медицина» мамандығы.
Интернатура
2014–2016 жж. – Семей мемлекеттік медицина университеті, «Хирургия» мамандығы бойынша дәрігер-хирург.
Резидентура
2016–2018 жж. – Семей мемлекеттік медицина университеті, «Сәулелік диагностика» мамандығы бойынша дәрігер-сәулелік диагностика маманы.
Қосымша білім және біліктілікті арттыру
- 2019 жылғы мамыр – «Ядролық медицина» сертификаттау курсы, ESMIT Spring School, Нант қ., Франция.
- 2019 жылғы тамыз–қыркүйек – «Радионуклидтік диагностика» бойынша тағылымдама, Мария Склодовская-Кюри атындағы Онкология орталығы және Варшава медицина университеті, Польша.
- 2021 жылғы маусым–қыркүйек – «Ядролық медицина» бойынша тағылымдама, Әзербайжан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық онкология орталығы, Баку қ.
- 2025 жылғы ақпан – «Қалқанша безі ауруларын заманауи радионуклидтік терапиялау» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық эндокринология медициналық зерттеу орталығы, Мәскеу қ.
Еңбек жолы
- 2018–2021 жж. – Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының Ядролық медицина және онкология орталығында сәулелік диагностика дәрігері, Семей қ.
- 2021–2022 жж. – осы орталықтың радиоизотоптық диагностика дәрігері.
- 2022–2024 жж. – Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының Ядролық медицина және онкология орталығының радиоизотоптық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі.
- 2024 жылғы тамыз–желтоқсан – Астана қаласы әкімдігінің Көпбейінді медициналық орталығында сәулелік диагностика бөлімінің КТ кабинетінің дәрігері.
- 2024 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Ұлттық ғылыми онкология орталығының тераностика бөлімшесінің радиоизотоптық диагностика дәрігері, Астана қ.
Ғылыми және педагогикалық қызметі
2023–2024 жылдары – «Семей медицина университеті» КеАҚ-да радиология және ядролық медицина мамандығы бойынша 1–2 курс резиденттерінің клиникалық тәлімгері.
Қатысқан ғылыми іс-шаралары:
- 2020 жыл – Нейроэндокриндік ісіктердің молекулалық диагностикасы және тераностикасы атты халықаралық конференция, Афина қ., Грекия.
- 2024 жыл – Ядролық медицина бойынша XI Балқан конгресі, Скопье қ., Солтүстік Македония.
Кәсіби қызығушылықтары