Лауазымы: Молекулалық-генетикалық зерттеулер орталығы бар клиникалық-диагностикалық зертхананың меңгерушісі
Біліктілік санаты: жоғары
Еңбек өтілі: 18 жыл
Бөлімше: Клиникалық-диагностикалық бөлімше
Кәсіби жетістіктері мен марапаттары
- «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі (2023 ж.)
- Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA)
- Дүниежүзілік банк жобаларында зертханалық зерттеулер мен зертханалық диагностика бойынша кеңесші
- «Зертханалық медицина федерациясы» зертханалық қызмет мамандары мен ұйымдары қауымдастығы президиумының құрметті мүшесі (№1240 куәлік, 2023 жылғы 18 қазан)
Білімі
Негізгі білім:
- Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина академиясы, «Медициналық-биологиялық іс» мамандығы, дәрігер-биохимик.
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Денсаулық сақтау саласындағы іскерлік әкімшілендіру» бағдарламасы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA).
- Harvard Medical School онлайн білім беру платформасының HMX Fundamentals/Pro Immunology бағдарламасы бойынша «Immuno-oncology» сертификаты.
- Harvard Medical School онлайн білім беру платформасының HMX Fundamentals/Pro Genetics бағдарламасы бойынша «Cancer Genomics and Precision Oncology» сертификаты.
Қосымша білім және біліктілікті арттыру
- 2020 ж. – «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша «Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг» циклі.
- 2021 ж. – «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша «Денсаулық сақтаудағы тәуелсіз сараптама. Медициналық қызметтердің сапасын басқару» циклі.
- 2023 ж. – «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша «Зертханадағы биологиялық қауіпсіздік негіздері» циклі.
- 2024 ж. – «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша «Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру оқытушысының қызметіндегі өзекті мәселелер» циклі.
- 2024 ж. – «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша «Вирустық, бактериялық және паразиттік инфекцияларды зертханалық диагностикалаудағы иммуноферменттік талдау» циклі.
- 2020 ж. – BLS (Basic Life Support) – балалар мен ересектерге базалық өмірлік қолдау көрсету бойынша сертификат («Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС).
- 2022 ж. – Израиль, Иерусалим қаласындағы Hadassah Medical Center клиникалық-диагностикалық зертханасында «Сапа менеджменті жүйесі» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырды.
- 2022 ж. – Hadassah Medical Center клиникалық-диагностикалық зертханасында «Зертхана қызметін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырды.
Еңбек жолы
-
2007–2008 жж. – Отбасын жоспарлау және репродукция орталығы, биохимик-дәрігер-зертханашы.
-
2008–2010 жж. – Қалалық отбасын жоспарлау және репродукция орталығы, биохимик-дәрігер-зертханашы.
-
2010 ж. – №3 қалалық перзентхана, биохимик-дәрігер-зертханашы.
-
2010–2011 жж. – №3 қалалық перзентхананың медициналық-генетикалық кеңес беру бөлімшесі, биохимик-дәрігер-зертханашы.
-
2011–2018 жж. – №4 қалалық емхана, Зертханалық технологиялар орталығының биохимик-дәрігер-зертханашысы.
-
2016 ж. – «Астана медицина университеті» КеАҚ ішкі аурулар кафедрасының ассистенті.
-
2018–2019 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы, иммунологиялық зерттеулер бөлімінің зертханалық дәрігері.
-
2019–2020 жж. – Назарбаев Университеті Медицина мектебінің зертханасы, зертхана ассистенті.
-
2020–2021 жж. – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС, клиникалық-диагностикалық зертханасының зертханалық дәрігері.
-
2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС, Молекулалық-генетикалық зерттеулер орталығы бар клиникалық-диагностикалық зертханасының меңгерушісі.