Мамандығы: жоғары біліктілік санатындағы ангиохирург дәрігер.
Еңбек өтілі: 40 жыл.
Бөлімше: Қан тамырлары және реконструктивтік хирургия орталығы.
Кәсіби жетістіктері мен марапаттары
Медицина ғылымдарының кандидаты, Ұлттық ғылыми онкология орталығының Құрметті профессоры.
Марапаттары:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы (2007 ж.);
- «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі (2011 ж.);
- «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2019 ж.);
- Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл мерейтойлық медалі (2014 ж.);
- «Семей қаласына қосқан үлесі үшін» медалі (2023 ж.);
- «Еңбек ардагері» медалі (2023 ж.).
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас ангиохирургы.
Қазақстандық қан тамырлары хирургтары қоғамының вице-президенті.
Ресей ангиологтары мен қан тамырлары хирургтары қоғамының мүшесі.
Білімі
1981–1987 жж. – Семей мемлекеттік медицина институты, емдеу факультеті, дәрігер мамандығы.
1992–1995 жж. – Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы, Ресей медицина ғылымдары академиясының Хирургия ғылыми орталығының аспирантурасы. 14.00.44 – «Жүрек-қан тамырлары хирургиясы» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған.
Біліктілігін арттыру
- 22.07–02.08.2019 ж. – «Бас пен мойынның басқа артерияларына эндартериоэктомия жасау», 108 сағат, «ҰҒОО» ЖШС;
- 09.07–29.11.2019 ж. – «Пластикалық хирургия» мамандығы бойынша қайта даярлау, 1080 сағат, «ҰҒОО» ЖШС;
- 03.08–28.08.2020 ж. – «Жаңа коронавирустық инфекцияның алдын алу, диагностикасы және емдеу», 216 сағат, «ҰҒОО» ЖШС;
- 15.01–11.02.2021 ж. – «Денсаулық сақтау менеджменті. Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптама. Медициналық қызметтердің сапасын басқару», 216 сағат, «ҰҒОО» ЖШС;
- 12.09–23.09.2022 ж. – «Кеуде аортасына эндоваскулярлық протез имплантациялау», 120 сағат, «ҰҒОО» ЖШС.
Еңбек жолы
- 1987–1988 жж. – Семей қалалық облыстық клиникалық ауруханасының хирургия бөлімшесінде интерн-дәрігер;
- 1988–1994 жж. – Семей облыстық клиникалық ауруханасының қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінің дәрігер-ординаторы;
- 1994–2009 жж. – Семей облыстық клиникалық ауруханасының қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі;
- 05.01.2009–01.11.2009 жж. – «Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ кеуде хирургиясы бөлімшесінің аға дәрігері, қан тамырлары хирургы;
- 01.11.2009–17.06.2010 жж. – «Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ операциялық блоктың меңгерушісі, хирургия бөлімшесінің қан тамырлары хирургы;
- 17.06.2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі;
- Қазіргі уақытта – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Қан тамырлары және реконструктивтік хирургия орталығының меңгерушісі.
Ғылыми және педагогикалық қызметі
Қан тамырлары хирургиясы саласы бойынша 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
2009–2025 жылдар аралығында жүрек-қан тамырлары ауруларына арналған халықаралық ғылыми конференциялардың тұрақты қатысушысы.
2014 жылдан бері резидентура бағдарламасының оқытушы-тәлімгері.
Кәсіби қызығушылықтары
Қолқа мен оның тармақтарына реконструктивтік операциялар жасау: құрсақ қолқасының аневризмалары, Лериш синдромы, экстракраниалдық артериялардың созылмалы зақымданулары, созылмалы веналық жеткіліксіздік кезінде хирургиялық ем жүргізу.
Сондай-ақ магистральдық қан тамырларының жарақаттары, жедел артериялық және веналық өткізгіштіктің бұзылыстары кезінде шұғыл ангиохирургиялық көмектің толық спектрін көрсетеді.
Интервенциялық хирургтармен бірлесіп кеуде және құрсақ қолқасы аневризмаларын рентгенэндоваскулярлық әдіспен эндопротездеу операцияларын орындайды.