Белгілері жара ауруына ұқсайды: жүрек айнуы, құсу, қатты қыжыл, нәжісте қан араласуы, кенеттен салмақ жоғалту.
Диагностика:
УДЗ, рентгеноскопия, онкомаркерлерге қан талдауы.
Эндоскоп арқылы асқазан мен ұлтабар ішкі беттері қаралады. Қажет жағдайда биопсия, лапароскопия жасалады.
Қауіп факторлары:
Канцерогендер (нитриттер, нитраттар);
Helicobacter pylori бактериясы;
Дұрыс емес тамақтану;
Генетикалық бейімділік;
Қатерлі ісік алды аурулар (полиптер, гастрит, жара, В12 жетіспеушілік анемия, операция жасалған асқазан және т.б.).