Бақылау кеңесі

«Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС Бақылау кеңесі – бұл Атқарушы органның (Басқарманың) қызметін қадағалайтын алқалы орган. Кеңестің негізгі мақсаты – орталықтың тиімді басқарылуын қамтамасыз ету, оның қызметінің ашықтығы мен есеп беру жауапкершілігін арттыру.

Бақылау кеңесінің ережесі 2022 жылдың қараша айында бекітіліп, келесі құжаттарға сәйкес әзірленген:

  • 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-1 Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері;
  •  «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы» ЖШС Жарғысы.

Бақылау кеңесі:

  • Орталықтың стратегиялық және орта мерзімді даму жоспарларының орындалуын бақылайды;
  • Басқарманың қызметін бағалап, ұсыныстар береді;
  • Басқарманың есептілігін талдап, қол жеткізілген нәтижелер бойынша баяндамаларды тыңдайды;
  • Кеңес мүшелерінің сыйақы жүйесін айқындап, олардың қызметін бағалайды.

Бақылау кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамасына, Серіктестіктің Жарғысына және ішкі құжаттарына, сондай-ақ Жалғыз қатысушы – «Turar Healthcare» КЕАҚ шешімдеріне сәйкес әрекет етеді.

НС ЖШС ҰҒОО туралы ереже

«Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі

Сарсенбаева Гульнара Едиловна

Бақылау кеңесінің мүшесі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры

Кәрібаева Мамыр Қуанышқызы

«Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс департаментінің бас сарапшысы

Ержанова Әсемгүл Кенжебайқызы

«Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС Бақылау кеңесінің тәуелсіз мүшесі 

Назарбаев Университеті заң департаментінің директоры

Сенбеков Максут Таирович

«Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС Бақылау кеңесінің тәуелсіз мүшесі

Кусаинова Бакытжан Нуркельдиевна

Бақылау кеңесінің хатшысы