Ішек қатерлі ісігі

Ішек онкологиясына келесі белгілер нұсқауы мүмкін:

●    жүрек айнуы,

●    құсу,

●    іштің кебуі,

●    шаншу,

●    нәжісте немесе зәрде қан мен іріңнің болуы.

Диагностика үшін:

●    Іш қуысының УДЗ,

●    Нәжіс талдауы,

●    СА-19-9 онкомаркеріне тест жасалады.

Зерттеу әдісі ісіктің орналасуына байланысты таңдалады:

●    Тік ішек – ректороманоскопия әдісімен тексеріледі.

●    Жуан ішек – ирригоскопия немесе колоноскопия арқылы.

Метастаздарды анықтау үшін ПЭТ-КТ немесе МРТ тағайындалуы мүмкін.

Қауіп факторлары:

●    Отбасылық анамнез – егер жақын туыстарында ішек рагы анықталса, бүкіл отбасы қауіп тобында болады.

●    Жеке анамнез – ішекте бұрын болған қатерсіз ісіктер немесе қабыну патологиялары – қатерлі ісікке айналу қаупін арттырады.

●    Семіздік – дене салмағының индексі 30-дан жоғары адамдарда ауру қаупі жоғары.

●    Дұрыс емес тамақтану – клетчаткасы аз, майы көп тағамдар ішек ауруларына алып келеді.

○    Астық талшықтар канцерогендерді сіңіріп, ішекті тазартады.

○    Қызыл ет, жартылай фабрикаттар мен майлы өнімдер ішектегі бағаналық жасушалардың көбеюіне ықпал етеді, олар кейін ісікке айналуы мүмкін.

●    Төмен физикалық белсенділік – ішек моторикасының әлсіреуіне, іш қатуға және шырышты қабаттың зақымдалуына әкеледі.

●    Темекі мен алкоголь – канцерогендер жасушалардың ракқа айналуын тудырады.