Қауіп тобына 50–60 жастағы ер адамдар кіреді, бірақ соңғы жылдары бұл дерт «жасарып» келеді, сондықтан барлық жастағы ер адамдарға профилактикалық тексерулерден өтіп тұру ұсынылады.
Бастапқы тексеру әдістері:
- тік ішек арқылы саусақпен тексеру,
- ПСА онкомаркеріне (простаталық спецификалық антиген) қан талдауы.
Егер күдік расталса, қосымша:
- тік ішектің ультрадыбыстық зерттеуі (УДЗ),
- биопсия жүргізіледі.
Қауіп факторлары:
- уытты химиялық заттардың ағзаға әсері;
- тағамда үнемі майлы астың басым болуы;
- артық салмақ пен семіздік;
- сүт өнімдерін шамадан тыс тұтыну (осы өнімдерді көп пайдаланатын елдерде қуықасты безі қатерлі ісігі жиірек кездеседі);
- герпес, гепатит, цитомегаловирус секілді инфекцияларға байланысты созылмалы қабынулар.