Көп жағдайда кеш сатыға дейін ешқандай белгі бермейді.
Алдын алу үшін – гинекологқа жүйелі түрде бару, онкоцитологияға жағынды тапсыру қажет.
Қауіп факторлары:
● Адам папилломасы вирусы (HPV);
● Жыныстық өмірдің тым ерте басталуы;
● Жиі серіктес ауыстыру;
● Темекі шегу;
● Иммунитеттің әлсіреуі;
● Артық салмақ;
● Ерте және көп босану;
● Ұзақ уақыт бойы контрацептивтерді қолдану;
● Генетикалық бейімділік.