Қан тамырлары хирургиясы секторы

Қан тамырлары хирургиясы секторы қан тамырлары жүйесі ауруларына шалдыққан пациенттерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған. Секторда артериялық және веналық жүйеге реконструктивтік-қалпына келтіру операцияларының барлық түрі орындалады. Мұнда дәстүрлі ашық хирургиялық әдістермен қатар, аз инвазивті эндоваскулярлық технологияларды қолдана отырып, қан тамырлары ауруларын емдеуге бағытталған кең ауқымды хирургиялық араласулар жүзеге асырылады.

Секторда келесі аурулары бар пациенттерге хирургиялық ем жүргізіледі:
  • Ұйқы және омыртқа артерияларының атеросклерозы;
  • Ұйқы артерияларының патологиялық иірімділігі;
  • Әртүрлі артериялық бассейндердің (брахиоцефалдық, бүйрек, жоғарғы және төменгі аяқ-қол артериялары) мультифокальды атеросклероздық зақымдануы;
  • Төменгі аяқ-қолдың варикоз ауруы;
  • Төменгі аяқ-қол қан тамырларының туа біткен ақаулары (мальформациялары);
  • Төменгі аяқ-қол артерияларының диабеттік ангиопатиясы;
  • Төменгі аяқ-қолдың терең көктамырларының созылмалы тромбозы және беткей көктамырларының тромбофлебиті;
  • Посттромбофлебиттік синдром;
  • Лериш синдромы;
  • Созылмалы абдоминалдық ишемия;
  • Магистральды артериялардың эмболиясы мен тромбозы;
  • Кез келген орналасудағы қолқа аневризмалары (кеуде қолқасы, құрсақ қолқасы және торакоабдоминалдық қолқа аневризмасы);
  • Төмендейтін кеуде және құрсақ қолқасының ажырауы (диссекциясы);
  • Кеуде қуысының жоғарғы шығаберіс синдромы.
Секторда дәстүрлі және аз инвазивті хирургиялық емдеу әдістерінің келесі түрлері орындалады:
  • Кеуде және құрсақ қолқасының аневризмалары кезінде рентгенэндоваскулярлық эндопротездеу;
  • Ұйқы артерияларының атеросклероздық зақымдануы немесе патологиялық иірімділігі салдарынан дамыған ми қанайналымының жеткіліксіздігін хирургиялық емдеу (каротидтік эндартерэктомия, ұйқы артерияларын редрессациялау, ұйқы–бұғанаасты шунттау, ұйқы және бұғанаасты артерияларын стенттеу);
  • Қолқаға реконструктивтік операциялар (аневризманы резекциялау, қолқаны протездеу, аорто-феморалдық шунттау және т.б.);
  • Жоғарғы және төменгі аяқ-қол артерияларына реконструктивтік операциялар (эндартерэктомия, профундопластика, феморалды-поплитеалдық шунттау, тибиалдық шунттау және т.б.);
  • Қолқа мен аяқ-қол артериялары зақымданғанда орындалатын рентгенэндоваскулярлық араласулар (баллонды ангиопластика, артерияларды стенттеу);
  • Төменгі аяқ-қол артерияларына гибридтік операциялар (стенттеуді ашық реконструктивтік операциямен үйлестіру);
  • Гемодиализ жүргізуге арналған артериовеноздық фистула қалыптастыру;
  • Көктамырларға эндовазальді радиожиіліктік абляция жасау, минифлебэктомия және көктамырларды склероздау;
  • Терең көктамырлар тромбозы кезінде кава-фильтрді имплантациялау.

Сектор пациенттерге заманауи талаптарға сай кешенді хирургиялық көмек көрсетеді.

Сағындықов Ирлан Нигметжанұлы

Қан тамырлары және реконструктивтік хирургия орталығының меңгерушісі.

Жоғары біліктілік санатындағы ангиохирург дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас ангиохирургі.

Марапаттары мен жетістіктері:

  • 2011 жыл – «Семей қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалінің және «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері.
  • 2008 жыл – «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
  • 2024 жыл – «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» ведомстволық наградасымен марапатталған.

Ангиохирургия саласындағы емдеу мен операция жасаудың заманауи әдістері бойынша АҚШ, Германия, Израиль, Оңтүстік Корея, Литва және Ресейдің жетекші медициналық орталықтары мен университеттік клиникаларында біліктілігін жетілдірген.

Бөлімше дәрігерлері
Сұлтанәлиев Тоқан Анарбекұлы
Хирургия бойынша бас консультант, профессор, медицина ғылымдарының докторы.
Жүсіпәлиев Ербол Ирикұлы
І біліктілік санатындағы ангиохирург дәрігер. Еңбек өтілі – 10 жыл. «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. Ұлыбритания мен Беларусь Республикасының жетекші клиникаларында тағылымдамадан өткен. Қан тамырлары хирургтері қоғамының халықаралық және респ
Ақжігітова Меруерт Тұрыспекқызы
ІІ біліктілік санатындағы ангиохирург дәрігер. Еңбек өтілі – 10 жыл. Беларусь Республикасында тағылымдамадан өткен. Қан тамырлары хирургтері қоғамының халықаралық және республикалық съездері мен конгрестерінің қатысушысы.
Сабырұлы Дастан
Ангиохирург дәрігер. Еңбек өтілі – 8 жыл. Қан тамырлары хирургтері қоғамының халықаралық және республикалық съездері мен конгрестерінің қатысушысы.
Әнапия Бауыржан Беғаліұлы
PhD, врач – хирург – реконструктивный хирург – пластический хирург - уролог. Стаж: 11 лет
Бейбіт Әнет Бейбітұлы
Врач – хирург – онколог – дерматоонколог – реконструктивный хирург. Стаж : 6 лет