Мейіргерлік істі басқару және дамыту бөлімі
Мейіргерлік істі басқару және дамыту бөлімі – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оның қызметі ҰҒОО-ның мейіргерлік қызметті жетілдіру мен дамытуға бағытталған.

ҰҒОО-да онкологиялық көмекті дамыту жағдайында сапалы медициналық көмек көрсету үшін мейіргерлік іс мамандарының кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізу және оны қолдау.
Мейіргерлік іс мамандары мектебі (бұдан әрі – МІММ) құрылымдық бөлімше болып табылмайды, ол – мейіргерлік іс мамандары мен орта медицина қызметкерлерінің кәсіби және тұлғалық құзыреттерін дамытуға, оқу модульдерінің базасын құруға, оның ішінде жұмыс орнындағы үздіксіз кәсіби білім беру жүйесіне арналған электрондық оқу ресурстарын қалыптастыруға бағытталған білім беру жобасы.
МІММ-нің негізгі бағыттары:
ҰҒОО мейіргерлік іс мамандарының Журнал клубы бірнеше жыл бойы зерттеулерді бағалауға жәрдемдесу тетігі ретінде қолданылып келеді. Оның мақсаты – мейіргерлік іс мамандарының зерттеу процесі туралы білімін арттыру, ғылыми зерттеулерді бағалау және оларды жинақтау қабілеттерін дамыту.
Журнал клубы отырыстарында клиникалық практикаға қатысты ғылыми және ғылыми емес дәлелдер, зерттеу нәтижелерін практикада қолдану, тәжірибені дәлелді деректерге негіздеудің қажеттілігін күшейту, сондай-ақ стандарттар мен саясатты нақты ұсыныстарға сәйкес өзектендіру мәселелері талқыланады.
Жарнал клубына қатысу мейіргерлік іс мамандарына дәлелді тәжірибеге негізделген қызметпен айналысуға және ғылыми зерттеулер жүргізуге деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді. Журнал клубына қатысу нәтижесінде алынған жаңа білім науқастар мен олардың отбасыларына көрсетілетін күтім сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Журнал клубының отырысы тоқсан сайын өткізіледі. Онда әртүрлі форматтар қолданылады
Егер Журнал клубының тұжырымдамасы Сізді қызықтырса және мақалаларды талқылауға қатысқыңыз келсе, модераторға мына электронды пошта арқылы хабарласа аласыз: djamila_89@bk.ru
ҰҒОО мейіргерлік іс мамандары ғылыми бағыттағы жұмыстармен айналысып келеді. Оған ғылыми мақалаларды іздеу мен жазу, зерттеулер жүргізу, бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, сондай-ақ дәледі мейіргерлік практиканы енгізу кіреді.
2023 жылдан бастап ҰҒОО мейіргерлік іс мамандары JBI (Joanna Briqqs Institute) халықаралық зерттеу ұйымы аясында жүргізілетін ғылыми жобаларға қатысып келеді. Бұл ұйым денсаулық сақтау тәжірибесін жетілдіруге арналған дәледі деректерді, бағдарламалық қамсыздандыруды, білім беру және оқыту құралдарын әзірлеп, ұсынады (толығырақ: jbi.qlobal)
| № |
Жарияланым, жыл, нөмір |
Мақала атауы |
Авторы |
| 1
|
2021. «Oncology.kz» халықаралық рецензияланатын ғылыми-тәжірибелік журнал, том №1 [Сілтеме](https://www.oncologykz.org/index.php/1/article/view/11/62) |
Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың мейіргерлік істі басқару және дамыту бөлімі қызметі туралы |
Мұхамедғалиева А.А., Салкимбаева С.А., Зайнулина Д.А. |
| 2 |
2021. МЦФЭР – Қазақстан «Аға мейірбике», №9 [Сілтеме](https://e.medsestra.mcfr.kz/916861) |
Тәжірибелік жұмыс. Сүйек кемігін трансплантациялау: пациенттерге мейіргерлік күтімді қалай ұйымдастыру керек |
Тюлебаева А.Д., Шамшиденова А.Т. |
| 3
|
2021. МЦФЭР – Қазақстан «Аға мейірбике», №5 |
Мейіргерлік білім. Орган трансплантациясынан кейінгі пациентке күтім: асқынудың алдын алу жолдары |
Канкенова З.Н. |
| 4
|
2021. Еуразиялық ғылыми бірлестік, 76-ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Ресей, Мәскеу |
Ересектерге арналған кардиология стационарында оқыту арқылы пациенттердің медициналық сауаттылығын арттыру |
Мұхамедғалиева А.А. (Садвокасова) |
| 5
|
2022. МЦФЭР – Қазақстан «Аға мейірбике», №5 |
Стомасы бар пациенттер: мейіргерлік күтімнің ерекшеліктері |
Смағұлова Г.С. |
| 6
|
2022. МЦФЭР – Қазақстан «Аға мейірбике», №6 |
Мейіргерлердің білімі деңгейі жұмыстың сапасына қалай әсер етеді. Зерттеу нәтижелері |
Махамбетова А.С. |
| 7
|
2022. МЦФЭР – Қазақстан «Аға мейірбике», №10 |
Интервенциялық хирургиядағы мейірбике, рентген-лаборант және кіші медперсоналдың жұмысы: ұйымдастыру және бақылау |
Каирова Э.М., Қалиақпарова А.К. |
| 8
|
2022. МЦФЭР – Қазақстан «Аға мейірбике», №12 |
Клиникалық практикадағы ЭКГ: мейірбикеге арналған нұсқаулық |
Сүлейменова М.С., Булаева Г.С. |
| 9
|
2022. «Oncology.kz» халықаралық ғылыми-тәжірибелік журнал, том №2 [Сілтеме](https://www.oncologykz.org/index.php/1/article/view/25/76) |
ҰҒОО-дағы мейіргер мамандарының функционалды міндеттерді бөлісу әлеуетін жетілдіру тәжірибесі |
Құлқаева Г.У., Зайнулина Д.А., Мұхамедғалиева А.А., Салкимбаева С.А. |
| 10
|
2022. «Oncology.kz», том №2 [PDF](https://oncologykz.org/downloads/Volume%202%202022.pdf) |
Денсаулық сақтауда Lean өндірісін тиімді енгізу: ҰҒОО тәжірибесі |
Құлымбетова К.И. |
| 11
|
2023. Қазақстан, «Медицина және экология» журналы, №4 [DOI](https://doi.org/10.59598/ME-2305-6045-2023-109-4-59-64) |
Бүйрек трансплантациясынан кейінгі пациенттерге күтім жасаудағы мейірбикенің рөлі |
Сүлейменова Б.Е. және т.б. |
| 12
|
2023. «Oncology.kz» журналы, том №3 |
Балалар онкологиясында цитостатиктерді көктамырға енгізуге оқытылған орта медициналық қызметкерлердің құзыреттілігі мен сенімділігін бағалау |
Динасилова Г.К. және т.б. |
| 13
|
2024. Journal of Health Development, 1 (55), 29-39 [DOI](https://doi.org/10.32921/2225-9929-2024-1-55-29-39) |
Қазақстан онкологиялық клиникаларындағы мейіргерлердің химиопрепараттармен жұмыс тәжірибесін зерттеу |
Зайнулина, А. Сипенова |
| 14
|
2024. МЦФЭР – Қазақстан «Аға мейірбике», №3 [Сілтеме](https://e.medsestra.mcfr.kz/1074299) |
Инфузияның вена сыртына кетуі: дәрілік заттардың экстравазациясын қалай болдырмауға болады. Себептері, алғашқы көмек және емдеу |
Д. Зайнулина, Г. Калмурзаева, Г. Айтенова |
| 15
|
2025. *JBI Evidence Implementation* – жарияланымға дайындық сатысында |
Көпбейінді хирургиялық бөлімшедегі онкологиялық пациенттердің операциядан кейінгі ауырсынуын басқару: үздік тәжірибені енгізу жобасы |
Feruza Saduyeva, Zhuldyz Kuanysh, Jamilya Zainulina, Ainash Sadvokassova, Alma Syzdykova, Anargul Kuntuganova, Dmitriy Viderman, Paolo Colet |
| 16
|
*Journal of Clinical Epidemiology* – қарастыруда |
Химиотерапиядан туындайтын жүрек айну мен құсуды стандартталған басқару: Азия аймағындағы алты елде жүргізілген дәлелді зерттеу |
Yujie Zhang, Qi Zhang, Jie Lai, Adchara Khammathit, Hua Lin, Kavita Kachroo, Khin Sanda Tun, Mona Choi, Weihua Liu, Weixiang Luo, Zhuldyz Kuanysh, Jamilya Zainulina, Feruza Saduyeva, және т.б. |
| 17
|
Жарияланымға дайындық |
Химиотерапия бөлімінде мейіргерлердің рөлі мен міндеттері: үздік тәжірибені енгізу жобасы |
Lazzat Urazbayeva, Gulkhan Turdikulova, Bibizhamal Zhanat, Yerkezhan Mustafinova, Fariza Malikova, Jamilya Zainulina, Anargul Kuntuganova, Akerke Mussayeva, Paolo Colet |
| 18
|
«Медицина және экология» журналы – қарастыруда |
Әдеби шолу: Онкологиядағы мейіргерлік іс мамандарының қателіктері |
Зайнулина Д.А., Галимова Г., Садвокасова А., Салкимбаева С. |
Академиялық және іскерлік іс-шаралар – ҰҒОО-тың мейіргер ісі мамандарының командасы кәсіби ынтамен және жауапкершілікпен түрлі кәсіби іс-шараларды – конференциялар, семинарлар, мастер-класстар мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастырып, өткізеді.
Іс-шаралар ашық форматта (мүдделі тараптар мен барлық қатысуға ниеттілер үшін) және жабық форматта – корпоративтік (тек қызметкерлерге арналған) өткізіледі.