Қан жасаушы жүйе ісіктері бөлімшесі «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС

Жедел лейкоздар мен миелопролиферативті ауруларды емдеуге мамандандырылған гематология бөлімшесі – бұл жоғары технологиялы медициналық бөлімше, онда жедел миелобластты лейкоз (ЖМЛ) және жедел лимфобластты лейкоз (ЖЛЛ), сондай-ақ алғашқы миелофиброз, созылмалы миелолейкозбен ауыратын науқастарға кешенді диагностика, емдеу және оңалту жүргізіледі. Сонымен қатар, аллогенді гематопоэздік дің жасушаларын трансплантацияға (ТГСК) дайындық және трансплантациядан кейінгі асқынуларды емдеу жүргізіледі.

Қан жасаушы жүйе ісіктері бөлімшесі 30 төсекке есептелген, бөлімшеде бөлім меңгерушісі және 3 гематолог дәрігер жұмыс істейді, сондай-ақ 1 және 2 оқу жылындағы резидент-гематологтар білім алуда.

Бөлімшенің негізгі сипаттамалары:

1. Диагностикалық қызметі:

  • Лейкоздың түрін, молекулалық-генетикалық және цитогенетикалық ерекшеліктерін нақтылап анықтау үшін кеңейтілген диагностика жүргізу.

  • Қолданылатын әдістер:

    • Қанның клиникалық және биохимиялық талдаулары.

    • Сүйек кемігін пункциялау, морфологиялық, цитохимиялық зерттеулер, қажет болған жағдайда гистологиялық және иммуногистохимиялық зерттеулер.

    • Стандартты цитогенетикалық зерттеу. Генетикалық ақауларды анықтау үшін FISH және ПТР-диагностика.

    • Бластты жасушалардың фенотипін нақтылау үшін ағымдық цитометрия.

2. Емдік қызмет:

  • Полихимиотерапияның стандартты және қарқынды (жоғары дозалы) хаттамаларын жүргізу (ремиссияны индукциялау, консолидация кезеңі).

  • Таргеттік және иммунотерапия (FLT3 ингибиторлары, BCL2 ингибиторы және т.б.).

  • Гемопоэздік бағаналы жасушаларды (ГБЖ) аллогендік және гаплоиденттік трансплантацияға дайындау (көрсетілімдер бойынша).

  • Қосымша емдеу: инфузиялық терапия, бактерияға, зеңге және вирусқа қарсы профилактика.

3. Бөлімшені ұйымдастыру:

  • Науқастардың жағдайын үнемі бақылау, оның ішінде бластар деңгейін, минималды қалдық ауруды (MRD) және уытты асқынуларды қадағалау.

  • Мультидисциплинарлық тәсіл – реаниматологтармен, трансфузиологтармен және зертхана мамандарымен тығыз ынтымақтастық.

4. Бөлімше персоналы:

  • Жедел лейкоздар мен миелопролиферативті ауруларды емдеуге маманданған, алыс және жақын шетел клиникаларында біліктілігін арттырған жоғары білікті гематолог дәрігерлер.

  • Ауыр науқастарға күтім жасауға және арнайы процедураларды орындауға үйретілген орта және кіші медицина қызметкерлері.

5. Оңалту және психологиялық қолдау:

  • Агрессивті емнен кейін қалпына келу үшін оңалту бағдарламалары.

  • Ұзақ мерзімді ем мен ықтимал асқынуларға бейімделу үшін науқастар мен олардың отбасыларына психологиялық көмек.

6. Ғылыми және білім беру қызметі:

  • Емдеу мен дәрі-дәрмектердің жаңа әдістері бойынша клиникалық зерттеулерге қатысу.

  • Жедел лейкоздар мен миелопролиферативті ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері туралы ғылыми конференциялар өткізу және оқыту.


Мұндай бөлімше жедел лейкоздар мен миелопролиферативті аурулары бар науқастарға арнайы көмек көрсетуде шешуші рөл атқарады, өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыруға ықпал етеді.

Науқастар әрдайым орталықтың емханасында гематологтың сапалы медициналық кеңесін ала алады, жазылу телефондары: 57-08-67, 57-08-68.

Біздің дәрігерлер:

Куттымуратов Асет Мирамбекович – еңбек өтілі 9 жыл. Израиль, Иерусалим (2022 ж.), Ресей, Санкт-Петербург (2024 ж.) біліктілікті арттырған. ҚР-да тұрақты түрде біліктілігін арттырады, республикалық конференцияларда спикер.

Сергазина Тансык Ризабековна – еңбек өтілі 4 жыл. ҚР-да тұрақты түрде оқып, біліктілігін арттырады, республикалық конференцияларда спикер.

Нажипова Айгерим Сатбековна – еңбек өтілі 4 жыл, гематология бойынша 3 жыл. ҚР-да тұрақты түрде оқып, біліктілігін арттырады, республикалық конференцияларда спикер.


Бөлімше дәрігерлерінің барлығы келесі кәсіби дағдыларға ие:

  • Химиотерапия курстарын (соның ішінде жоғары дозалы) және қосымша терапияны жүргізу

  • Сүйек кемігін пункциялау

  • Мықын сүйегі қырынан трепанобиопсия жасау

  • Люмбальды пункция және цитостатиктерді интратекальды енгізу

  • Кондиционирлеу режимдерін жүргізу және сүйек кемігін трансплантациялау (аутологиялық, аллогендік, гаплоиденттік)

  • Трансплантациядан кейінгі кезеңде науқастарды жүргізу

Вильданова Рузаль Фауатовна

Бөлім меңгерушісі

Еңбек өтілі — 13 жыл. Гематология бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен:

  • Түркия, Стамбул – 2013 ж.

  • АҚШ, Питтсбург – 2014 ж.

  • Ресей, Санкт-Петербург – 2017 ж.

  • Израиль, Иерусалим – 2022 ж.

Республикалық деңгейде үнемі біліктілігін арттырып отырады, халықаралық және республикалық конференцияларда спикер ретінде қатысады.

Марапаттары:

  • ҚР Денсаулық сақтау министрінің ҚР денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы

  • «Қазақстан онкогематологтарының кәсіби қоғамы» ҚҚ-ның жұмысына белсенді қатысқаны үшін алғыс хаты

  • 2024 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған

Кәсіби дағдылары:

  • Химиотерапия курстарын жүргізу (оның ішінде жоғары дозалы), қосымша терапия

  • Сүйек кемігін пункциялау, мықын сүйегі қырынан трепанобиопсия

  • Люмбальды пункция, интратекальды цитостатиктер енгізу

  • Кондиционирлеу режимдерін және сүйек кемігін трансплантациялау (аутологиялық, аллогендік, гаплоиденттік) жүргізу

  • Трансплантациядан кейінгі кезеңде науқастарды бақылау

Бөлімше дәрігерлері
Куттымуратов Асет Мирамбекович
Дәрігер-гематолог. Гематолог дәрігердің жұмыс өтілі 9 жыл
Сергазина Тансык Ризабековна
Дәрігер-гематолог. Гематолог дәрігердің жұмыс өтілі 4 жыл
Нажипова Айгерим Сатбековна
Дәрігер-гематолог. Гематолог дәрігердің жұмыс өтілі 4 жыл, гематология мамандығы бойынша 3 жыл