Радиациялық терапия бөлімшесі

Сәулелік терапия бөлімшесі

Біздің бөлімшеде ісік жасушаларын тиімді жоюға және сау тіндерді барынша қорғауға бағытталған заманауи сәулелік терапияның кең ауқымды әдістері қолданылады.

Біз келесі емдеу әдістерін қолданамыз:

  • Қарқындылығы модульденген сәулелік терапия (IMRT / VMAT)
  • Кескіндер арқылы басқарылатын сәулелік терапия (IGRT)
  • Стереотаксиялық сәулелік терапия (оның ішінде бассүйекішілік және бассүйектен тыс ісіктер кезінде)
  • Стереотаксиялық радиохирургия
  • Адаптивті сәулелік терапия
  • Тыныс алуды бақылаумен жүргізілетін сәулелік терапия
  • Брахитерапия (қуысішілік, тінішілік және қуысаралық)

Мультидисциплинарлық топтың (МДТ) қорытындысына сәйкес келесі ем түрлері жүргізіледі:

  • Операция алдындағы сәулелік терапия
  • Химиосәулелік терапия
  • Операциядан кейінгі сәулелік терапия
  • Қатарлас және кешенді ем
  • Дербес (радикалды) сәулелік терапия
  • Паллиативтік сәулелік ем

Әлемдік деңгейдегі медициналық жабдықтар:

  • BRAVOS — контактілі сәулелік терапия жүйесі (Varian Medical Systems Inc., АҚШ)
  • EDGE — сәулелік терапия және радиохирургия жүйесі (Varian Medical Systems Inc., АҚШ)
  • TrueBeam STx — ісіктерді жоғары дәлдікпен сәулелендіруге арналған жүйе (Varian Medical Systems Inc., АҚШ)
  • ETHOS — жаңа буындағы адаптивті сәулелік терапия жүйесі (Varian Medical Systems Inc., АҚШ)
Емдеу қалай жүргізіледі?

Пациенттерге ем күндізгі стационар жағдайында жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда тәулік бойғы стационарға жатқызылады. Әрбір клиникалық жағдай мультидисциплинарлық топтың отырысында талқыланып, пациент үшін жеке емдеу жоспары әзірленеді. Емдеу үдерісінің барлық кезеңінде мамандар командасы пациентке жан-жақты қолдау көрсетеді.

Біз сәулелік терапия саласындағы инновациялық тәсілдерді енгізіп, елімізде алғашқылардың бірі болып нақты уақыт режимінде жүргізілетін адаптивті сәулелік емдеу технологиясын қолданамыз. Халықаралық бағдарламаларға қатысуымыз және мамандардың біліктілігін үздіксіз арттыруы онкологиялық көмекті әлемдік деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.

Бізбен байланысу:

☎ +7 (7172) 57 08 42

☎ +7 (7172) 57 08 59

? +7 776 195 12 09 (WhatsApp)

✉ Электрондық пошта: rtnroc@gmail.com

Бөлімше дәрігерлері
Жанар Жақыпбекқызы
Сәулелік терапия бөлімшесінің меңгерушісі. Еңбек өтілі – 12 жыл.
Рауан Раймбеков Бақтыбекұлы
MD, радиациялық онколог дәрігер. Еңбек өтілі – 10 жылдан астам.
Аяжан Рахманқұлова Ермекқызы
Радиациялық онколог дәрігер.
Ғайни Олжатаева Өскенқызы
Радиациялық онколог дәрігер. Еңбек өтілі – 30 жылдан астам.
Салтанат Нұрмахан Асылханқызы
Радиациялық онколог дәрігер.
Раушан Закирова Тұрсынханқызы
Радиациялық онколог дәрігер. Еңбек өтілі – 20 жылдан астам.
Ермахан Құлтаев Ғалиұлы
Анестезиолог-реаниматолог дәрігер. Еңбек өтілі – 9 ай.
Сәния Исатай Қайратқызы
Радиациялық онколог дәрігер. Еңбек өтілі – 4 жыл.
Бекасыл Майданбеков Ибрайымұлы
Радиациялық онколог дәрігер. Еңбек өтілі – 2 жыл.
Сая Урманова Асылханқызы
Радиациялық онколог дәрігер. Еңбек өтілі – 2 жыл.
Эльдар Давлетгильдеев Рашидович
Радиациялық онколог дәрігер. Еңбек өтілі – 5 жыл.