Ортопедия және остеоонкология бөлімшесі 2019 жылдың 1 қарашасында құрылған, "Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық" ЖШС құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, Орталықтың жарғысын және Орталықтың басқару органдарының шешімдерін басшылыққа алады.
Пациенттерді бөлімшеге жатқызу жоспарлы тәртіппен, емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жүргізіледі. Бөлімшеде ортопедиялық операциялардың барлық спектрі жүргізіледі.
- Навигациялық жүйе
- Операция алдындағы жоспарлау жүйесі
- Алдыңғы қатарлы өндірушілердің заманауи имплантаттары
- Крио-лазерлік технологиялар
Ортопедия және остеоонкология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санаттағы дәрігер, іскерлік басқару магистрі (MBA),
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі.
Қазақстан травматолог-ортопедтер қауымдастығының (КАТО) және спорттық травматология, артроскопия және ортопедия хирургиясы мен оңалту бойынша мамандар қауымдастығының (АСТАОР) мүшесі.