Ультрадыбыстық және функционалдық диагностика бөлімі – заманауи технологиялармен жабдықталған диагностикалық құрылым. Мұнда науқастың ағзалары мен жүйелерінің жағдайы дәл әрі дер кезінде бағаланып, ультрадыбыстық зерттеу мен функционалдық диагностика әдістері кеңінен қолданылады.
Бөлімде Phillips, General Electric, Samsung, Canon, BTL компанияларының жоғары және эксперттік санаттағы ультрадыбыстық аппараттары орнатылған.
Заманауи жабдықтардың жоғары деңгейі мен дәрігерлердің кәсіби біліктілігі қысқа мерзімде сапалы әрі сенімді нәтижелер алуға мүмкіндік береді.
Бөлімнің негізгі мақсаты – зерттеу деректерінің дәлдігі мен ақпараттылығын арттыру. Бұл патологияларды ерте анықтауға, емнің тиімділігін бақылауға және әр пациентке жекелей көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.
• Әртүрлі ағзалар мен жүйелердің ауруларын анықтау үшін барлық деңгейдегі, соның ішінде эксперттік деңгейдегі ультрадыбыстық зерттеулер жүргізу.
• Функционалдық зерттеу әдістерін орындау: ЭКГ-нің холтерлік мониторингі, тәуліктік артериялық қысымды бақылау (СМАД), спирометрия және тыныштық күйіндегі ЭКГ.
• Пациенттерді операция алдындағы тексеру кезеңінде, емдеу процесінде және бақылау барысында диагностикалық сүйемелдеу.
• Мәліметтерді өңдеу мен интерпретациялау үшін заманауи цифрлық және бағдарламалық шешімдерді пайдалану.
• Диагностикалық процедуралар кезінде пациенттердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету.
• Ультрадыбыстық және функционалдық диагностика саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту.
• Медициналық қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру, жаңа диагностикалық технологиялар мен әдістерді клиникалық тәжірибеге енгізу.
Бөлімше әртүрлі ауруларды дер кезінде анықтауға бағытталған кең ауқымды диагностикалық зерттеулерді ұсынады.
• Іш қуысы мен құрсақ арты кеңістігі ағзаларының УДЗ
• Бауырдың серпімділік қасиетін бағалау (сдвигтік толқын эластографиясы, фиброскан)
• Қалқанша және сүт бездерінің УДЗ – допплерография және эластометриямен
• Жамбас ағзаларының УДЗ (ерлер мен әйелдерге)
• Жұмсақ тіндер мен лимфа түйіндерінің УДЗ
• Қантамырлардың УДЗ (төменгі және жоғарғы аяқ-қол веналары мен артериялары, бас-ми тамырлары, жамбас тамырлары, қолқа және оның висцералдық тармақтары – допплерография)
• Бауыр мен бүйрек трансплантатын УДЗ және допплерография
• Хирургия бөлімшелерімен бірлесіп УД-бақылаумен жасалатын манипуляциялар (орталық веналық катетер орнату, нефростомия, абсцесстер мен гематомаларды дренаждау, сүт безі, бауыр, ұйқы безі мен бүйрекке трепан-биопсия, қалқанша безі, сүт безі және жұмсақ тіндерге жұқа ине аспирациялық биопсиясы)
• Интраоперациялық УДЗ
• Онкологиялық науқастарда ауру барысын бақылау және ем нәтижесін бағалау мақсатында УДЗ
• Эхокардиография (жүректің УДЗ)
• Стрейн-эхокардиография (сол жақ қарыншаның миокардының бойлық деформациясын бағалау)
• Өңеш арқылы эхокардиография
• Холтерлік ЭКГ-мониторинг (24/48/72 сағат)
• Артериялық қысымды тәуліктік мониторинг (СМАД)
• Спирометрия – сыртқы тыныс алу қызметін бағалау
• Электрокардиография (қалыпты жағдайда ЭКГ)
• Мәліметтерді талдау және қорытындыны емдеуші дәрігерге ұсыну
• Басқа бөлім дәрігерлерімен бірлесіп жұмыс істей отырып, диагностика мен емдеу тактикасын айқындау
• Ғылыми және білім беру қызметін қолдау, оқыту бағдарламалары мен конференцияларға қатысу
1. Алғашқы қабылдау және диагностикалық бағыттама – пациент бейінді маманның кеңесінен өтеді, нәтижесіне қарай ультрадыбыстық немесе функционалдық зерттеу қажеттілігі анықталады.
2. Зерттеу әдісін таңдау – пациенттің жасын, ауру тарихын, клиникалық жағдайын және дерт ерекшеліктерін ескере отырып, ең тиімді әрі қауіпсіз диагностикалық әдіс таңдалады.
3. Зерттеуді өткізу – барлық процедуралар заманауи, эксперттік деңгейдегі жабдықтарда жоғары білікті мамандармен жүргізіледі. Біз сапа мен қауіпсіздік стандарттарын қатаң сақтап, алынған деректердің нақтылығын қамтамасыз етеміз.
4. Нәтижелерді интерпретациялау – зерттеу қорытындыларын бөлім дәрігерлері талдайды, қажет болған жағдайда пациенттің емдеуші дәрігерімен қосымша талқылау жасалады. Біз әрқашан клиникалық маңыздылыққа және практикалық пайдаға басымдық береміз.
5. Динамикада бақылау және қайталама тексерулер – қажет болған жағдайда пациент қайта зерттеуден өтеді, әсіресе операцияға дейінгі дайындықта, ауру барысын бақылауда немесе емнің тиімділігін бағалауда.
Біздің мақсатымыз – жай ғана кескін немесе сандық дерек алу емес, дәрігерге дұрыс шешім қабылдауға, ал пациентке сапалы ем алуға көмектесетін клиникалық тұрғыдан мәнді ақпарат беру.
Оразбаева Дамеш Рафагатқызы
Жоғары санатты УДЗ дәрігері, медицина магистрі. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің түлегі. АҚШ, Оңтүстік Корея, Германия, Франция, Литва, Түркия және Ресейде біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Еңбек өтілі – 30 жыл.
Жоғары санатты УДЗ дәрігері, медицина магистрі. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің түлегі. АҚШ, Оңтүстік Корея, Германия, Франция, Литва, Түркия және Ресейде біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Еңбек өтілі – 30 жыл.