Абдоминалды хирургия секторның жетекшісі – Керимкулов Алтай Қуанышбекұлы, МВА, жоғары санатты дәрігер.
Абдоминалды хирургия секторның дәрігерлері асқазан, аш ішек, құрсақ қуысы және басқа да ағзалардың ауруларын диагностикалау және емдеумен айналысады.
Секторда дәстүрлі және аз инвазивті хирургиялық операциялар жасалады. Олар төмендегі ауруларды емдеудің бір бөлігі болып табылады:
Асқазанның қатерлі және қатерсіз ісіктері
Диафрагманың өңеш тесігінің жарығы
Операциядан кейінгі вентралды жарықтар
Құрсақ қуысы мен забрюшиндік кеңістіктің қатерлі және қатерсіз ісіктері
Құрсақ пердесінің аурулары
Бүйрек үсті безінің аурулары
Сектор пациенттерге заманауи, кешенді хирургиялық көмек көрсетеді.
Абдоминалды хирургия секторының хирургтары операциядан кейінгі тез оңалту (ERAS) хаттамасын ұсынады. Бұл әдіс ауруханада болу мерзімін қысқартып, сауығу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Сектор қызметкерлері АҚШ, Түркия, Қытай және Еуропалық одақ елдерінде тағылымдамадан өтіп, білімдерін жетілдірген.

Минималды инвазивті лапароскопиялық оталар (асқазан резекциялау, гастрэктомия, Ниссен әдісі бойынша фундопликация, адреналэктомия)
HIPEC – гипертермиялық ішперделік химиотерапия (бұл әдіс әртүрлі генездегі құрсақ пердесі ауруларында қолданылады)
PIPAC – қысыммен берілетін аэрозольді химиотерапия