Радиациялық қауіпсіздік және физикалық қорғау қызметі
Қызметтің негізгі міндеті – иондаушы сәулелену көздерімен (ИСК) жұмыс істеу кезінде персоналдың, пациенттердің, халықтың және қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес иондаушы сәулелену көздерін, радионуклидтік көздер мен радиоактивті қалдықтарды физикалық қорғау шараларын іске асыру.
Қызметтің негізгі функциялары
- Радиациялық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларының сақталуын бақылау;
- Дозиметриялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
- Радиациялық тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және енгізу;
- Персоналды иондаушы сәулелену көздерімен және радиоактивті заттармен жұмыс істеуге жіберуді ұйымдастыру;
- Иондаушы сәулелену көздері мен радиациялық қауіпті объектілердің физикалық қорғалуын қамтамасыз ету;
- Нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттама мен есептілікті жүргізу;
- Радиациялық оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысу және авариялық әрекет ету рәсімдерін әзірлеу;
- Қадағалау және бақылаушы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.