Бұл күндері біз науқастарға күн сайын қамқорлық танытып, үлкен төзімділік пен жан жылуын сыйлайтын мамандарды құрметтейміз.
Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығында бұл мерекені ерекше түрде атап өттік. Ресми құттықтаудан бөлек, қызметкерлерге қуат беретін, командалық рухты нығайтатын ерекше шара ұйымдастырылды. Тимбилдинг элементтерімен безендірілген бейресми кездесу бәрімізге шабыт сыйлады!
Мереке салтанатты ашылумен және Құрмет грамоталарын табыстаумен басталды. Артынша қатысушылар йога жаттығуларына қатысып, дене мен ой теңдігін қалпына келтіруге мүмкіндік алды. Бұдан кейін салауатты тамақтану тақырыбында пайдалы шеберлік сабағы өтті, онда қатысушылар күнделікті тамақтану мәдениеті жайлы жаңа мағлұматтар алды. Мерекелік күннің соңында көңілді командалық ойындар – «Крокодил» және «Киноны тап» өткізілді, бұл сәттер ұжымға қуаныш пен күлкі сыйлап, ұжымдық рухты одан әрі нығайта түсті.
Арнайы марапаттар – ерекше еңбегімен көзге түскен әріптестерге берілді. Олар:
Жылдың менторы, PR-шебері, Креативті видеограф, Ғылыми жаңашыл, Идеясы көп жаңашыл, Жас маман сияқты аталымдар бойынша марапатталды.
Бұл – олардың кәсібилігіне, жаңашылдығына, жанашырлығына деген шын алғысымыздың белгісі.
Йога, пайдалы тағам, қызықты ойындар – бәрі тек көңіл көтеру үшін емес, денсаулықты, бірлікті, өз-өзіне деген қамқорлықты насихаттау үшін ұйымдастырылды.
«Бұл – ризашылыққа, жылулыққа және қуанышқа толы күн болды. Мұндай бейресми кездесулердің командалық рухты нығайту мен шабыттандыру үшін қаншалықты маңызды екенін көрдік. Біз өз мамандарымызбен мақтанамыз!», – деп атап өтті НҒОО-ның мейіргерлік ісі жөніндегі басқарушы директоры Гүлмира Ғалымова.
Барша мейірбикелер мен кіші медқызметкерлерді шын жүректен кәсіби мерекемен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық, қуаныш, еңбекте табыс және шын жүректен алғыс айтатын пациенттер тілейміз!
