31.12.2025
2025 жыл Ұлттық ғылыми онкология орталығы үшін қарқынды еңбек пен үлкен жауапкершілікке толы кезең болды
14 500-ден астам адамға медициналық көмек көрсетіліп, 7 000-нан аса операция жасалды.
Сүйек кемігіне, бауыр және бүйрекке жүздеген трансплантациялық оталар орындалды.
Бұл – әрбір санның артында науқастардың тағдыры мен сенімі тұрғанын білдіреді.
Бұл жыл даму мен алға жылжу кезеңі болды. Клиникалық тәжірибеге заманауи, жоғары технологиялық емдеу әдістері енгізілді, халықаралық ынтымақтастық нығайды, ғылыми бағыт қарқынды дамуда.
Ерекше назар онкологиялық ауруларды ерте анықтауға аударылды: ашық есік күндері, дәрігерлердің пациенттермен кездесулері, өзекті тақырыптар бойынша кеңестер ұйымдастырылды.
Және біз сеніммен айта аламыз – бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады…
Бейнеге сілтеме: Смотреть на YouTube
