29 қазан - Дүниежүзілік ультрадыбыстық зерттеу дәрігерлер күні

Ультрадыбыстық зерттеу – қолжетімді әрі қауіпсіз әдіс қана емес, ауруды белгілері пайда болмай тұрып анықтауға мүмкіндік беретін аса дәл технология.

Оның көмегімен дәрігерлер ағзадағы тіндердің құрылымын, тығыздығын, қан айналымын зерттеп, ісіктің табиғатын анықтай алады.

Ұлттық ғылыми онкология орталығында бүгінде ең заманауи УДЗ аппараттары қолданылады.

Сондай-ақ елімізде алғаш рет фьюжн-биопсия әдісі енгізілді – бұл УДЗ мен КТ/МРТ нәтижелерін біріктіріп, ісікті нақты уақытта дәл бақылауға мүмкіндік беретін инновациялық тәсіл.

Осының арқасында біздің мамандар кішкентай түзілістерді де ерте кезеңде анықтап, емдеуді кешіктірмей бастауға мүмкіндік алады.

УДЗ дәрігерлері науқастың қасында әр сәтте – алғашқы тексеруден бастап, ота мен оңалтуға дейін бірге жүреді.

Олардың кәсібилігі мен мұқияттылығы – мыңдаған адамның саулығы мен сенімінің кепілі.

Барлық ультрадыбыстық зерттеу дәрігерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!