18 шілде күні Ұлттық ғылыми онкология орталығында сүйек саркомасы туралы хабардарлықтың дүниежүзілік айлығы аясында Ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында 25 адам остеоонколог дәрігердің тегін консультациясын алды. Нәтижесінде үш пациенттен қосымша тексеруді қажет ететін түзілістер анықталды. Олардың екеуінде консультация және бұрын жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойынша диагноз расталды. Дәрігер кейінгі емнің тактикасын айқындап, ота жасау күнін белгіледі.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар білікті маманның кеңесін алуға ғана емес, диагнозды дер кезінде нақтылауға, емдеу бағытын анықтауға және қажет болған жағдайда медициналық көмектің келесі кезеңіне уақыт оздырмай өтуге мүмкіндік береді.
ҰҒОО-да Ашық есік күндері алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетін болады. Бұл Қазақстан тұрғындарының бейінді мамандардан тегін кеңес алып, қажет болған жағдайда емдеуді дер кезінде бастауына мүмкіндік жасау.
