Қатерлі ісікті тиімді емдеп, жүрек саулығын қалай сақтауға болады?

Бұл мәселе бүгін ONCO FUTURE KAZAKHSTAN 2026 халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясындағы арнайы дөңгелек үстел барысында талқыланды.


Кардиоонкология – онкология мен кардиология салаларын тоғыстыратын бағыт. Оның негізгі мақсаты – пациенттің ісікке қарсы емді жүрек пен қан тамырларына түсетін ықтимал қауіптерді барынша азайта отырып қабылдауына жағдай жасау.


Дөңгелек үстел барысында таргеттік терапия, ықтимал асқынулардың алдын алу, кардиопротекция және емдеу курсы аяқталғаннан кейінгі пациенттерді бақылау мәселелері сөз болды.


Сондай-ақ кардиалдық амилоидоз, заманауи ісікке қарсы терапия кезіндегі қауіптерді бағалау және кардиоонкологиядағы халықаралық тәжірибе талқыланды. Франциялық сарапшы Stephane Ederhy де өз тәжірибесімен бөлісті.


Бұл секцияның негізгі ойы қарапайым: онкологиялық аурумен күресу ғана емес, емдеу барысында және одан кейін пациенттің жүрек саулығын сақтауға да көңіл бөлу маңызды.