Брахитерапия деген не және ол онкологияны емдеуге қалай көмектеседі?

Брахитерапия — сәулелік терапияның заманауи әдісі. Бұл әдісте сәулелендіру көзі ісіктің ішіне немесе оның дәл жанына орналастырылады. Мұндай тәсіл зақымданған аймаққа дәл әсер етуге мүмкіндік береді және сау тіндерге зиянды барынша азайтады.


Брахитерапияға көрсетілімдер:

• Жатыр мойны мен жатыр денесінің қатерлі ісігі

• Ұрықжолдас безі (қуықасты безі) ісіктері

• Сүт безі қатерлі ісігі

• Тері, өңеш және басқа мүшелердің қатерлі ісігіне


Әдістің артықшылықтары:

• Ағзаға сәулелік жүктеменің өте төмен болуы

• Дозаны дәл жеткізу мүмкіндігі

• Процедураның жылдам және қауіпсіз орындалуы

• Науқас емделген күннің өзінде үйіне қайта алады

• Практикалық тұрғыда ауыртпалықсыз, жергілікті анестезиямен жасалуы мүмкін


ҰҒОО-да Bravos Varian жүйесі қолданылады. Бұл – брахитерапияның әлемдегі ең озық жүйелерінің бірі, максималды дәлдік, жайлылық және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.


ҰҒОО-на кеңес алуға жолдаманы қалай алуға болады?

Өзіңізге тіркелген онколог-дәрігер арқылы жолдама рәсімдей аласыз.

Емдеу ТМККK шеңберінде жүргізіледі.

 

Бейнеге сілтеме: Смотреть на YouTube