МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Мариано Гросси Атом энергетикасы, ғылым және онкологиялық ауруларды емдеу саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстанға барды

Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) Бас директоры Рафаэль Мариано Гроссидің Қазақстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша арнайы мақала жариялады. Материалда ядролық медицина, радиациялық онкология салаларындағы ынтымақтастықты дамыту және онкологиялық көмекті күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылған.


Жарияланымда сапар аясында МАГАТЭ Бас директоры Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығына (ҰҒОО) барып, орталықтың мүмкіндіктерімен және бірлескен жұмыс перспективаларымен танысқаны атап өтіледі.


Сапардың негізгі нәтижелерінің бірі – МАГАТЭ мен ҰҒОО арасында практикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуы болды. Құжат радиациялық онкология, ядролық медицина, диагностикалық бейнелеу, медициналық физика, радиофармация және медицинадағы радиациялық қауіпсіздік бағыттары бойынша өзара іс-қимылды қамтиды.


Мақалада сондай-ақ мамандарды даярлау, тәжірибе алмасу және онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи технологияларының қолжетімділігін арттыру мәселелеріне ерекше мән берілген.


МАГАТЭ Қазақстанмен медицинада ядролық технологияларды қолдану саласындағы ынтымақтастықтың жүйелі түрде кеңейіп келе жатқанын атап өтті.


Толық материал Агенттіктің ресми сайтында жарияланған https://www.iaea.org/newscenter/news/iaea-director-general-visits-kazakhstan-to-expand-cooperation-in-nuclear-energy-science-and-cancer-care