Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында (ҰҒОО) өңірлік дәрігерлерге арналған «Хирургия және онкологиядағы анестезиология және интенсивті терапия» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Курс қатысушылары интенсивті терапия жағдайындағы науқастарды жүргізудің заманауи технологиялары мен қағидаттарымен танысты. Ерекше назар онкогематологиялық науқастарға аударылды. ҰҒОО — Қазақстандағы жоғары дозалы химиотерапия толық агранулоцитозбен және сүйек кемігін трансплантациялау жүргізілетін сирек орталықтардың бірі. Сонымен қатар, мұнда ТКМ (сүйек кемігін трансплантациялау) кейінгі, аса ауыр иммун тапшылығы жағдайындағы науқастарды жүргізу жүзеге асырылады.
Курс аясында дәрігерлер келесімен танысты: ауыр иммун тапшылығы бар науқастарға арналған арнайы реанимациялық палаталармен; жасанды интеллекті бар, өңеш ішілік қысым мен манжетадағы қысымды бақылау жүйесімен жабдықталған Hamilton C6 өкпені жасанды желдету аппаратының жұмысымен; өмірлік маңызды көрсеткіштерді үздіксіз бақылауды қамтамасыз ететін Philips орталық мониторинг жүйесімен; зертханалық талдаулар мен дәрі-дәрмектерді лезде жеткізуді қамтамасыз ететін пневмопошта жүйесімен.
Сондай-ақ, курс аясында онкологиялық аурулары мен айқын ілеспе патологиясы бар (ASA-3, ASA-4) науқастарға бірегей операциялар жүргізілетін жалпы хирургиялық реанимация мен анестезиология бөлімшелерінің жұмысы таныстырылды. Бұл науқастарға мультимодальды анестезия және интенсивті терапия жағдайында толыққанды операциядан кейінгі қолдау көрсетіледі.
Курс интенсивті терапияның барлық негізгі аспектілерін қамтыды, оның ішінде респираторлық қолдау, сепсис және антибиотикотерапия.
Бағдарламаны келесі мамандар жүргізді:
Евгений Анатольевич Меренков — респираторлық қолдау және сепсис саласындағы тәуелсіз сарапшы, Ерлан Ұрумбаевич Өмбетжанов — жоғары санатты дәрігер, ЦАРИТ бөлімшесінің меңгерушісі, Антибиотиктер және реанимация орталығының жетекшісі. Ол тек білім беру процесіне белсенді қатысып қана қоймай, сонымен қатар анестезиология және интенсивті терапия саласындағы клиникалық және оқу бағдарламаларының дамуын үйлестіреді.
Айта кету керек, ҰҒОО базасында ауыр жағдайдағы науқастарға үздіксіз көмек көрсететін 3 бөлімше жұмыс істейді:
- Интенсивті терапия секторы (ИТС)— онкогематологиялық науқастарды жүргізу;
- Жалпы хирургиялық реанимация — операциядан кейінгі қолдау;
- Анестезиология бөлімі — ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастарға анестезиологиялық қамтамасыз ету.
Біз еліміз бойынша клиникалық практикаға үздік тәжірибелерді енгізуге және тәжірибе алмасуға әрқашан ашықпыз.
