Ол қызын аман алып қала алмады. Бірақ өзгенің өмірін жалғауға мүмкіндік берді...

Конгресс барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің атынан Қазима Ғайсароваға Алғыс хат табысталды. Оның шешімі адамгершілік пен мейірімнің, аналық жүректің қайсарлығы мен рух күшінің жарқын үлгісіне айналды.


Миға ауыр қан құйылу салдарынан дәрігерлер бар күш-жігерін жұмсағанымен, оның қызын аман алып қалу мүмкін болмады. Өміріндегі ең ауыр сәтте Қазима Ғайсарова кез келген адамның қолынан келе бермейтін шешім қабылдап, қызының ағзаларын қайтыс болғаннан кейін донорлыққа беруге келісімін берді.


Ананың жүрегінен шыққан осы шешім бес адамның өміріне үміт сыйлап, олардың тағдырын өзгертті.