ONCO FUTURE KAZAKHSTAN 2026 халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясындағы ғылыми секциялар өз жұмысын жалғастырды. Солардың бірі онкологиядағы интенсивті терапия мен анестезиологияға арналды. Бұл бағыт күрделі емдеу мен хирургиялық операциялар кезінде пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Секция барысында операциялық бөлмелер мен интенсивті терапия бөлімшелерінде күнделікті кездесетін күрделі жағдайлар талқыланды. Атап айтқанда, ауырсынуды бақылау, жүрек қызметі мен тыныс алуды тұрақтандыру, операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу, ауыр инфекциялармен күресу және трансплантациядан кейінгі пациенттерге көмек көрсету мәселелері қарастырылды.
Жоғары қауіп тобындағы пациенттерге ерекше назар аударылды. Қазіргі онкохирургияда күрделі операцияларды орындау мүмкіндігі кеңейіп келеді. Мұндай жағдайда хирургтар, анестезиолог-реаниматологтар және басқа да бейінді мамандардың үйлесімді жұмысы аса маңызды.
Секцияда Қазақстан, Тәжікстан және Ресей сарапшылары тәжірибелерімен бөлісті. Бағдарламада нақты клиникалық жағдайлар, зерттеу нәтижелері және күрделі емді пациент үшін барынша қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік беретін практикалық тәсілдер ұсынылды.
