ҰҒОО-да АПВ және жатыр мойны қатерлі ісігін алдын алуға арналған Ашық есік күні өтті

Шараға әртүрлі жастағы 40-қа жуық әйел келіп, мамандардың кеңесін алып, әйелдер денсаулығын сақтау жолдары туралы ақпарат алды.

Орталық дәрігерлері келушілердің сұрақтарына жауап берді. Көрсетілімдерге сәйкес әйелдерге ультрадыбыстық зерттеу жүргізіліп, жатыр мойнындағы ықтимал өзгерістерді ерте анықтау үшін онкоцитологиялық талдаулар алынды.