Жаңа өмірге мүмкіндік 45 жастағы Жұлдыз Арыстанбекова мен 29 жастағыЕламан Даулетханға бұйырды. Олар үшін бұл ота жылдар бойы қажытқангемодиализдің жалғыз баламасы еді.
Екі науқас та ұзақ уақыт «созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі» диагнозыменкүресіп келген. Ақыры олар күту парағында мыңдаған адамдардың күтетінсөзді естіді: «Сәйкес келетін донор табылды».
Сол күні ҰҒОО трансплантолог бригадасы донорлық ағзаларды алу жәнеоларды реципиенттерге көшіру жұмыстарын жүзеге асырды. Ота сәтті өтті, реципиенттерге салынған бүйректер толыққанды жұмыс істей бастады.
Біз дүниеден өткен донордың отбасына ризашылық білдіреміз. Олардыңкелісімі – ондаған маманның еңбегімен бірнеше адамның өмірін құтқаратынүлкен игілікті істің бастауына айналды.
ҰҒОО-да трансплантациялық қызмет тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істейді. Донорлық ағза табылса, күндіз немесе түнде болсын, дәрігерлер тобы бірденшақырылады, операциялық бөлмелер бір сәтте дайындалады. Себебідонорлық күтіп тұрмайды, дәл сол сәтте біреуге өмір сыйлайтын жалғызмүмкіндік туындауы мүмкін.
Жыл басынан бері орталықта мәйіттік донордан 13 бүйрек трансплантациясыжәне 80-нен астам туысқандық немесе тірі донордан бүйректрансплантациясы жасалды.
Бейнеге сілтеме: Смотреть на YouTube
