ҰҒОО-да ONCO FUTURE KAZAKHSTAN 2026 халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының алғашқы секциясы өтті

«Шекарасыз тәжірибе: заманауи онкологиядағы мейіргерлік іс» тақырыбына арналған секцияда Қазақстан, АҚШ және Армениядан келген мамандар бас қосып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, нақты клиникалық жағдайларды талқылады және медицина мамандарының күнделікті жұмысын өзгертіп жатқан озық тәжірибелерді ортаға салды.


Секция барысында скрининг, хирургия, химиотерапия, трансплантация, қарқынды терапия, пациент қауіпсіздігі, роботтандырылған технологиялар, ұзақ мерзімді күтім және балалар онкологиясы сынды маңызды бағыттар қамтылды.


Бұл – мейіргер маманының қазіргі онкологиядағы рөлінің өзгеріп келе жатқанын көрсетеді. Бүгінде мейіргердің қызметі пациентке күтім жасаумен ғана шектелмейді. Олар клиникалық үдерістерге белсенді қатысып, емдеу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және күрделі медициналық технологиялармен жұмыс істеуге де атсалысады.