Бүгін Ұлттық ғылыми онкология орталығында «Қызғылт қазан» ақпараттық науқаны аясында сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтауға арналған Ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында 80-нен астам әйел онкомаммологтың кеңесін алды. Дәрігердің тағайындауы бойынша сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі (УДЗ) тегін жүргізілді.
Қуаныштысы, тексеру нәтижесінде әйелдердің ешқайсысынан қатерлі ісік анықталған жоқ.
Денсаулығына бейжай қарамай, тексерілуге келген барша әйелге алғыс айтамыз!
Сүт безі қатерлі ісігі бастапқы кезеңде айқын белгілерсіз өтуі мүмкін. Сондықтан ешқандай шағым болмаса да, тіркелген емханаңызда профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіп тұру маңызды.
Қатерлі ісікті ерте анықтау емді дер кезінде бастауға және оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
