12.06.2026
Бүйрек қатерлі ісігі көп жағдайда ешқандай белгі бермейді
Науқастардың шамамен 90%-ында ісік басқа ауруларға байланысты УДЗ немесе КТ тексеруі кезінде кездейсоқ анықталады.
Онкоуролог Жанқуат Кубеевтің айтуынша, бүйрек қатерлі ісігін ерте анықтау ем нәтижесін айтарлықтай жақсартады. Бүгінде заманауи технологиялардың арқасында ісікті ерте кезеңде анықтап, көптеген жағдайда бүйректі сақтап қалуға мүмкіндік бар.
Бүйрек қатерлі ісігінің негізгі емі – хирургиялық операция. Кей жағдайларда ісік алынып, бүйректі сақтап қалуға мүмкіндік бар. Ал аурудың кеш сатыларында иммунотерапия және таргеттік терапия қолданылады.
Маман жылына кемінде бір рет УДЗ тексеруінен өтіп тұруға кеңес береді. Ерте диагностика – тиімді емнің кепілі.
