Ұлттық ғылыми онкология орталығында еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

Бұл күн – азаттық рухын, ел бірлігі мен жарқын болашаққа деген сенімді дәріптейтін мереке.

Іс-шара барысында ҰҒОО Басқарма төрағасы Жандос Бүркітбаев құттықтау сөз сөйлеп, еңбегімен еленген қызметкерлерге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі мен Құрмет грамоталары, сондай-ақ Ұлттық ғылыми онкология орталығының Алғыс хаттарын табыстады.


Кештің мәдени бағдарламасында «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі мен Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ұжымы көрермендерге рухты, әсерлі туындыларын тарту етті.


Республика күні – өткенге тағзым, болашаққа сенім, ел бірлігінің мерекесі!

Баршаңызға амандық, қуаныш және еліміздің өркендеуіне бағытталған еңбекте табыс тілейміз!


Республика күнімен құттықтаймыз!


Бейнеге сілтеме: Смотреть на YouTube