ҰҒОО-да Ашық есік күні өтті

Шамамен 80-ге жуық адам Ұлттық ғылыми онкология орталығына келіп, өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алып, мамандардың кеңесін тыңдап, ең бастысы — уайымымен жалғыз қалмады. Бірі алдын алу мақсатында келсе, бірі екінші пікір алу үшін, ал енді бірі тек қолдау іздеп келген.


Бұл күні онколог-дәрігерлер негізгі бағыттар бойынша кеңес берді. Көрсетілімдерге сәйкес пациенттер УДЗ тексеруден және маммографиядан өтті. Психологтар қорқыныш пен алаңдаушылықты жеңуге көмектесті.


Кеңес беру барысында екі пациенттен онкологиялық ауруға күдік анықталды, тағы екі жағдайда диагноз расталды. Барлық пациенттер әрі қарай тексеру мен ем қабылдау үшін тиісті бөлімдерге жолданды.


Ашық есік күніне келген жандар жолдамасыз және кезексіз қабылдау мүмкіндігі үшін, сондай-ақ көрсетілген қолдау мен ашықтық үшін алғыс білдірді.


Барша келген жандарға алғысымызды білдіреміз. Біз әрдайым жаныңыздамыз және көмектесуге дайынбыз.

Бейнеге сілтеме: Смотреть на YouTube