ҰҒОО гүлдер мен жылы лебіздерден басталған таң

Бүгінде ҰҒОО-да шамамен 1,2 мың адам еңбек етеді, оның 80%– әйелдер. Олар – дәрігерлер, мейіргерлер, медициналық физиктер, зертхана қызметкерлері және түрлі саланың мамандары. Күн сайын жоғары кәсіби қарқынмен жұмыс істей отырып, олар мейірімділігін, жанашырлығын және қайсарлығын сақтап келеді.


Таңнан бастап нәзікжандыларды гүлдер және жүрекжарды алғыс сөздермен қарсы алып, орталықта ерекше көктемгі көңіл күй орнады.


Салтанатты кездесуде Басқарма төрағасы Жандос Бүркітбаев ұжымды құттықтап, орталықтың дамуы мен елдегі онкологиялық көмекті жетілдірудегі әйел затының маңызды рөлін атап өтті.


Мерекелік көңіл күйді жылулық пен шынайы қошеметке толы концерттік бағдарлама жалғастырды.


Жүрегі нәзік, істері қарымды ҰҒОО-ның ару қыз-келіншектері, сіздердің кәсібиліктеріңіз бен қамқорлықтарыңызға, адамдарға күн сайын үміт сыйлайтын ішкі күштеріңізге шынайы алғыс айтамыз.