Ғаниева Айгерім Анарбекқызы
Ғаниева Айгерім Анарбекқызы
Радиоизотоптық диагностика секторының дәрігері

Лауазымы: Радиоизотоптық диагностика дәрігері
Біліктілік санаты: Бірінші санат
Еңбек өтілі: 8 жыл

Бөлімше / Орталық: Радиациялық технологиялар орталығы

Кәсіби жетістіктері мен марапаттары

 

  • «Жалпы артериялық бағанды диагностикалау және хирургиялық түзетудің тиімділігін бағалаудағы КТ-ангиокардиография» тақырыбындағы енгізу актісі (2023 ж.).
  • Еуропалық радиологтар қоғамының мүшесі.

 

Білімі

Негізгі білімі:

 

  • 2010–2015 жж. – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Ақтөбе қ., «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриат.
  • 2015–2017 жж. – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Ақтөбе қ., «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша интернатура, хирург дәрігер.
  • 2017–2019 жж. – Астана медицина университеті, «Сәулелік диагностика (КТ, МРТ, ядролық медицина, ультрадыбыстық зерттеу, рентгенология)» мамандығы бойынша резидентура, сәулелік диагностика дәрігері.

 

Қосымша білімі және біліктілікті арттыру курстары

 

  • 2023 жылғы қыркүйек – «КТ және МРТ-ның өзекті мәселелері, оның ішінде балалар жасындағы диагностика» біліктілікті арттыру курсы, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, Астана.
  • 2025 жылғы ақпан–наурыз – «Онкологиядағы сәулелік диагностика» біліктілікті арттыру курсы, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық, Астана.

 

Еңбек тәжірибесі

 

  • 2019–2021 жж. – «Көпбейінді медициналық орталық», Астана қ. – сәулелік диагностика бөлімшесінің радиолог дәрігері (КТ, МРТ).
  • 2021–2024 жж. – Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы – радиолог дәрігер (КТ, МРТ).
  • 2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық, Астана қ. – Тераностика бөлімшесінің Радиоизотоптық диагностика секторының радиоизотоптық диагностика дәрігері.

 

Ғылыми және оқытушылық қызметі

Ғылыми жарияланымдары:

 

  • 12 ғылыми жарияланымның авторы:
    • ҚР ДСМ КОКСНҰ ұсынған 2 ғылыми мақала;
    • Scopus базасында индекстелген 1 ғылыми мақала;
    • Еуропалық радиологтар қоғамының журналында жарияланған 1 клиникалық жағдай;
    • 8 ғылыми тезис.
  • Сонымен қатар 1 ғылыми мақаланың тең авторы.

 

Ғылыми конференциялар мен курстар:

 

  • XI Еуразиялық радиология форумы, Астана, Қазақстан, 2025 жыл (спикер).
  • «Қазақстан Республикасындағы онкологиялық көмектің жаңа көкжиектері. ҰҒОО – болашақтың озық технологиялары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, Астана, 2025 жыл.
  • «Тераностиканы енгізу» ұлттық оқу курсы, Ядролық медицина және онкология орталығы, Семей, 2025 жыл.
  • Жас ғалымдар форумы, «Сәулелік диагностика, сәулелік терапия және ядролық медицина» секциясы, 2025 жыл (спикер).
  • «Радиологияның жаңа дәуірі – болашаққа бағдар. Суперинтеллект», Ташкент, Өзбекстан, 2024 жыл (спикер).
  • «Радиологиядағы әйелдер денсаулығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, 2024 жыл.
  • Жас ғалымдар форумы – «Сәулелік диагностика, сәулелік терапия және ядролық медицина» секциясы, 2024 жыл (спикер).
  • European Congress of Radiology 2023 – постерлік баяндама.
  • «Невский радиологиялық форумы – 2023», Санкт-Петербург.
  • X Еуразиялық радиология форумы, Астана, 2023 жыл (спикер).
  • European School of Radiology. Astana Tutorial for Central Asia, Астана, 2023 жыл.
  • II жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы, Астана, 2018 жыл (спикер).
  • Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 60 жылдығына арналған жас ғалымдардың 57-конференциясында «Ультрадыбыстық бақылаумен бауырдың паразиттік емес кисталарын тері арқылы трансгепатикалық дренаждау» тақырыбындағы баяндамасы үшін І орын дипломының иегері (Ақтөбе, 2017 жыл).

 

Кәсіби қызығушылықтары

  • Онкологиядағы ПЭТ/КТ және радионуклидтік диагностика.

  • Гибридті бейнелеу технологиялары (SPECT/CT, PET/MR).

  • Ядролық медицинадағы инновациялық технологияларды енгізу және дамыту.