Лауазымы: дәрігер анестезиолог-реаниматолог
Біліктілік санаты: бірінші санат
Еңбек өтілі: 8 жыл
Бөлімше: Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия орталығы
Кәсіби жетістіктері мен марапаттары
Білімі
2009–2014 жж. – «Астана медицина университеті» АҚ, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриат.
2014–2016 жж. – М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша интернатура.
2017–2020 жж. – М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, «Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясы» мамандығы бойынша резидентура.
Қосымша білім беру, біліктілікті арттыру курстары
- 03.06.2024–14.06.2024 жж. – «Хирургия және онкологиядағы анестезиология және қарқынды терапия» бағдарламасы, 120 сағат, «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС.
- 21.11.2023–15.12.2023 жж. – Oncological Surgery: HITEC Intrapleural Chemoperfusion for Pleural Metastases тағылымдамасы, 180 сағат, LIV Academy және Istinye University, Ыстанбұл, Түркия.
- 20–21.01.2025 жж. – HIPEC (гипертермиялық интраперитонеалдық перфузия) бойынша дәрістік курс, 8 сағат, ҰҒОО, Астана.
- 24.04.2025 ж. – «Онкохирургиядағы тыныс жеткіліксіздігі кезінде қарқынды терапия тәжірибесіндегі өкпені жасанды желдетудің интеллектуалды режимдері» семинары, 8 сағат, ҰҒОО, Астана.
- 25.04.2025 ж. – «Онкохирургияда анестезиолог-реаниматолог тәжірибесінде ультрадыбыстық диагностиканы қолдану» тақырыбындағы шеберлік сабағы, 8 сағат, ҰҒОО, Астана.
Еңбек тәжірибесі
- 2017–2020 жж. – М. Оспанов атындағы БҚММУ, ересектер және балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясы бойынша дәрігер-резидент.
- 2020–2022 жж. – Балқаш қаласының Орталық ауруханасы, дәрігер анестезиолог-реаниматолог.
- 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС, Астана қаласы, дәрігер анестезиолог.
Ғылыми және педагогикалық қызметі
- Astana Medical Journal журналында жарияланған “Anesthetic management for extended pleurectomy with intrapleural hyperthermic chemoperfusion (HITOC) for pleural mesothelioma: The first experience” ғылыми мақаласының авторы (DOI: 10.54500/amj011, жарияланған күні – 30.06.2025).
- Astana Medical Journal журналының Special Issue (2024) арнайы шығарылымында жарияланған «Кеңейтілген плеврэктомия кезіндегі анестезиологиялық қамтамасыз ету тактикасының ерекшеліктері» тезисінің авторы.
- 20–21.09.2024 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы ұйымдастырған халықаралық ғылыми-практикалық конгреске қатысушы (20 сағат), Астана.
- 23–26.04.2025 жж. – International Scientific and Practical Conference “New Horizons in Oncology Care in the Republic of Kazakhstan. NROC – Advanced Technologies of the Future” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қатысушысы (120 сағат).
Кәсіби қызығушылықтары