Қайыржанов Темірлан Шаймерденұлы
Қайыржанов Темірлан Шаймерденұлы
Анестезиолог-реаниматолог

Лауазымы: анестезиолог дәрігер

Еңбек өтілі: 5 жылдан астам

Бөлімше: Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия орталығы

Білімі

 

  • 2013–2018 жж. – Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, бакалавриат.
  • 2018–2020 жж. – «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ, «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша интернатура, терапевт дәрігер.
  • 2020–2023 жж. – «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ, Астана қаласы, «Анестезиология және реаниматология (оның ішінде балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясы)» мамандығы бойынша резидентура.

 

Еңбек тәжірибесі

 

  • 2020–2021 жж. – «№2 Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК, терапевт дәрігер.
  • 2021–2023 жж. – «№2 Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК, анестезиолог-реаниматолог дәрігер-резидент.
  • 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Астана қаласының №1 Көпбейінді қалалық ауруханасы, №1 терапия бөлімшесінің кардиологиялық қарқынды терапия блогының (БИТ) кардиолог-реаниматолог дәрігері.
  • 2023 жылдың тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС, Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия орталығының анестезиолог дәрігері.

 

Ғылыми және педагогикалық қызметі

 

  • 2023 ж. – BB NURA оқу орталығында «Қарқынды терапиядағы экстракорпоралдық детоксикацияның заманауи әдістері» тақырыбы бойынша 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өтті.

 

Кәсіби қызығушылықтары

  • Кардиоанестезиология

    • Жүрек пен ірі қан тамырларына жасалатын операциялар кезінде анестезиологиялық қамтамасыз ету;
    • Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді жүргізудің ерекшеліктері.
  •  

  • Онкологиялық операциялар кезіндегі анестезия

    • Онкологиялық пациенттердің ерекшеліктерін ескере отырып анестезиялық қамтамасыз ету;
    • Операциядан кейінгі асқынулар қаупін төмендетуге бағытталған анестезияны оңтайландыру.
  •  

  • Өңірлік анестезия және анальгезия

    • Жұлындық және эпидуралдық анестезия;

    • Перифериялық жүйке блокадаларын орындау (соның ішінде ортопедиялық операциялар кезінде);

    • Блокадаларды жүргізу барысында ультрадыбыстық навигацияны қолдану.