Кочиев Байрам Алимоғлы
Кочиев Байрам Алимоғлы
КТ және МРТ дәрігері

Лауазымы: дәрігер-радиолог (КТ/МРТ)

Біліктілік санаты: көрсетілмеген

Еңбек өтілі: 8 жыл

Бөлімше: Сәулелік диагностика бөлімшесі

Кәсіби жетістіктері мен марапаттары

 

  • Онкологиялық бейнелеу диагностикасы бойынша әдістемелік ұсынымдардың тең авторы (2021, 2024 жж.).
  • Көптеген халықаралық конференциялардың спикері және қатысушысы.
  • Шетелдік ғылыми журналдарда жарияланымдардың авторы.
  • Ағылшын тілін В1 деңгейінде меңгерген.

 

Білімі

2013–2018 жж. – Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриат.

2018–2020 жж. – Қарағанды медицина университеті КеАҚ, «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша интернатура.

2020–2022 жж. – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС, «Радиология» мамандығы бойынша резидентура.

Қосымша білім және біліктілікті арттыру курстары

 

  • 2021, 2022 жж. – А.С. Логинов атындағы Мәскеу клиникалық ғылыми-практикалық орталығы, сәулелік диагностика және ПЭТ/КТ бойынша курстар.
  • 2021 ж. – Корея Ұлттық онкологиялық орталығы, «Ядролық медицина».
  • 2022, 2023 жж. – ESMIT, Вена (Австрия), «Клиникалық нейровизуализация», «Ми ісіктерін кеңейтілген бейнелеу диагностикасы».
  • 2022 ж. – Vivantes Klinikum, Берлин (Германия), «ПЭТ/МРТ және ПЭТ/КТ-ның клиникалық қолданылуы».
  • 2023 ж. – Халықаралық атом энергиясы агенттігі (IAEA), Риека (Хорватия), «Компьютерлік томографияны оңтайландыру».
  • 2025 ж. – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС, Астана қаласы, «Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беруді оқытудың өзекті аспектілері».

 

Еңбек жолы

2017–2022 жж. – «Orhun Medicals» диагностикалық орталығы ЖШС, Қарағанды қаласы, зертханашы.

2021–2022 жж. – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС, Сәулелік диагностика орталығының дәрігер-резиденті, Астана қаласы.

2022 жылғы тамыздан қазіргі уақытқа дейін – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС, КТ және МРТ дәрігері, Астана қаласы.

2025 жылғы маусымнан қазіргі уақытқа дейін – ШЖҚ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» РМК, КТ және МРТ дәрігері.

Ғылыми және педагогикалық қызметі

Әдістемелік ұсынымдардың тең авторы:

 

  • Ұйқыбез обырын сатылау (2021 ж.).
  • Бүйрек ісіктерінің дифференциалды диагностикасы (2024 ж.).
  • Бауырдың гиперваскулярлы түзілістерін КТ және МРТ арқылы диагностикалау (2024 ж.).
  • Халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда баяндамалар жасаған.
  • 2025 жылдан бастап біліктілікті арттыру курстары аясында оқытушылық қызмет атқарады.

 

Кәсіби қызығушылықтары

  • Онкологиялық аурулардың сәулелік диагностикасы.

  • Онкологиядағы КТ және МРТ.

  • Онкологиядағы ПЭТ/КТ және ПЭТ/МРТ.

  • Радиологиядағы мультипараметриялық бейнелеу және жасанды интеллект.