Козлова Мария Владимировна
Козлова Мария Владимировна
Молекулалық-генетикалық зерттеулер орталығы бар клиникалық-диагностикалық зертхананың дәрігері

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек өтілі: 18 жыл

Бөлімше: Клиникалық-диагностикалық зертхана

Кәсіби жетістіктері мен марапаттары

 

  • «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2022 ж.)

 

Білімі

Негізгі білім:

 

  • 2000–2006 жж. – Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина академиясы, педиатрия факультеті.
  • 2006–2007 жж. – Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина академиясы, «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатура.
  • 2007 ж. (қыркүйек–желтоқсан) – Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті.

 

Қосымша білім және біліктілікті арттыру

 

  • 2010 ж. (мамыр–маусым) – Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты, «Гематологиялық және цитологиялық зерттеу әдістері».
  • 2014 ж. (мамыр) – Литва денсаулық ғылымдары университетінің медицина академиясы (Каунас), «Онкогематологиялық аурулар кезіндегі мегакариоциттік өскінді бағалау».
  • 2015 ж. (сәуір–мамыр) – Ұлттық медициналық холдингтің Республикалық диагностикалық орталығы, «Ауруларды диагностикалаудағы иммуноферменттік зерттеу әдістері».
  • 2017 ж. (қыркүйек) – ҚР ДСМ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, «Өндірістік және клиникалық трансфузиологиядағы инновациялық технологиялар».
  • 2018 ж. (наурыз) – Ресей, Санкт-Петербург қаласы, И.П. Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университеті, «Иммунтапшылық жағдайларын диагностикалаудағы ағынды цитометрия».
  • 2020 ж. (ақпан) – Мәскеу қаласындағы International Cytology School, «Сүйек кемігін зерттеу. Миелограмманы интерпретациялау».
  • 2020 ж. (мамыр) – «Парасат» Қазақстандық медициналық біліктілікті арттыру институты, «Клиникалық зертханалық диагностикадағы онкогематологияның өзекті мәселелері».
  • 2021 ж. (ақпан) – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС, «Денсаулық сақтаудағы тәуелсіз сараптама. Медициналық қызметтердің сапасын басқару».
  • 2023 ж. (сәуір) – Астана медицина университеті, «Зертханадағы биологиялық қауіпсіздік негіздері».
  • 2024 ж. (маусым) – Ресей, Санкт-Петербург қаласы, И.П. Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университеті, «Гематологиялық және онкогематологиялық аурулар кезіндегі сүйек кемігінің цитоморфологиялық зерттеуі. Онкогематологиялық ауруларды иммунофенотиптеу әдісі».

 

Еңбек жолы

 

  • 2004–2007 жж. – Астана қаласындағы №1 қалалық аурухананың клиникалық-биохимиялық зертханасы, зертханашы.
  • 2007–2011 жж. – Астана қаласындағы №1 қалалық аурухана, клиникалық-биохимиялық зертхананың зертханалық дәрігері.
  • 2011–2012 жж. – Астана қаласындағы №1 қалалық аурухана, клиникалық-биохимиялық зертханасының меңгерушісі.
  • 2012–2013 жж. – Астана қаласындағы №1 қалалық аурухана, зертханалық дәрігер.
  • 2013–2017 жж. – Республикалық диагностикалық орталық, клиникалық-диагностикалық зертхананың зертханалық дәрігері.
  • 2017–2019 жж. – «Аланда» клиникасы, клиникалық-диагностикалық зертхананың зертханалық дәрігері.
  • 2019–2021 жж. – Астана медицина университеті, Зертханалық медицина кафедрасының ассистенті.
  • 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС, клиникалық-диагностикалық зертхананың зертханалық дәрігері.

 

Ғылыми және педагогикалық қызметі

 

  • «Онкогематологиялық аурулар кезіндегі мегакариоциттік өскінді бағалау» мақаласы (Валеология, 2015, №3, 80–86-бб.).
  • «Онкогематологиялық аурулар кезінде қан және сүйек кемігі жасушаларының морфологиясын зерттеу» мақаласы (Oncology.kz, 2024, №12).
  • Клиникалық зертханалық диагностика және онкогематология саласындағы халықаралық ғылыми конференциялардың қатысушысы.
  • 2024 жылы өткен «Гематология және сүйек кемігін трансплантаттау мәселелерінің өзектілігі» атты халықаралық конференцияның спикері.
  • «Морфологтар мектебі» халықаралық шеберлік сыныбының қатысушысы (Мәскеу, 2023–2025 жж.).
  • 2019–2021 жж. – Астана медицина университеті, Зертханалық медицина кафедрасының ассистенті.

 

Кәсіби қызығушылықтары

  • Гематологиялық және онкогематологиялық аурулар кезінде қан мен сүйек кемігі жасушаларының морфологиялық зерттеулері.

  • Қан мен сүйек кемігі жасушаларын иммунофенотиптеу арқылы жүргізілетін иммунологиялық зерттеулер.